ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТІ ТОЛЫҒЫМЕН ЭЛЕКТРОНДАЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН

     

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде халықты әуре-сарсаңға салатын жайттардың бірі мекемелерге,  оның ішінде мемлекеттік  қызмет түрлеріне кезек мәселесі болатын. Пошта, емхана, дүкендерде кезек күткен  халық  уақыттан ұтылып, әуре-сарсаң болып  жататы. Бүгінде  баланың балабақшаға кезекке тұруы және қабылдануы, тұрғын үй кезегіне тұру, мұрағаттық анықтамалар алу, тұрғын үй көмегін тағайындау сияқты ең әлеуметтік маңызды қызметтердің барлығы электронды форматқа көшірілген. Сондай-ақ,  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында халыққа мейлінше жеңілдетілген қолжетімділік қамтамасыз етілген. 2019 жылы халыққа мейлінше қолайлы жағдай жасау мақсатында автоматтандыру есебінен 192 қызмет түрі 181 қызмет түріне оңтайландырылды. Осы жылдары 2020-жылы бір өтінішпен бірнеше қызметтерді алу мүмкіндігіне қол жеткізу мақсатында әкімдікпен ұсынылатын 181 қызмет түрі 165 қызмет түріне оңтайландырылды. Сондай ақ, қызметтердің 95% электронды форматқа көшірілген. Бұл мемлекеттік органдардың халық алдындағы беделін арттыруға елеулі үлес қосты. Себебі, 2020-жылдың қорытындысы бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға қатысушылардың 82 пайызы әкімдік жұмысына толық қанағаттанатындарын айтып, жоғары баға берген.

          —Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Қазіргі таңда, әкімдік халықтың әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жоғары сұранысқа ие қызметтерін мейлінше қолжетімді ету мақсатында «IQala» жобасының баламасы ретінде «Қалалық қызметтер мен сервистердің орталықтандырылған порталы» ақпараттық жүйесін іске асыру жұмыстарын жүргізуде. Аталған жоба аясында әкімдік тарапынан  ұсынылатын қызметтер толығымен  электронды форматқа көшірілмек, —дейді сала мамандары.