ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: БІРЫҢҒАЙ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына президентіннің Жолдауында: «…іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз    етуін   халықаралық    стандарттармен     сәйкестендіреміз» деп атап  өтті. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

Түрлі реформаларды бастан өткеріп, зейнет жасын ұлғайту шараларын қоса алғанда зейнетақы мөлшеріне қатысты реформаларды сәтті деп айтуға әбден болады. Өйткені, зейнетақы мөлшері жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Девальвация, ақша құнының түсуі бұл реформаға әсер еткенін ескергеннің өзінде, Қазақстандағы зейнеткерлер орта есеппен жақсы зейнетақы алады.

Биылғы зейнетақы туралы басты реформа – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың қаражатын тұрғын үй алу немесе емдік шаралар үшін пайдалану мүмкіндіктерін беру.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыргүйегінде өзінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында жұмыс істейтін азаматттардың зейнетақы жинақтарын мақсатты түрде пайдалану мүмкіндігін жасау туралы тапсырма берген болатын. Бірақ айтарлықтай нәтиже болмады. ҚР Президенті Тоқаев осы жылдың бірінші қыргүйегіндегі Жолдауда аталған мәселені тағы да көтерді. Енді 2021 жылы 700 мың салымшы өздерінің жинақтарының жартысын баспана алу, емделу немесе қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалана алады.

Жеткіліктік шегіне жеткен қазақстындықтар үш жағдайда ғана зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алуға құқылы:

-Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін;

-Денсаулықты жақсарту мақсатында емдік шараларды төлеу үшін;

-Сенімді жеке компанияларға қаржыны басқаруға беру үшін.

Биыл, яғни 2021 жылы зейнетақы мөлшері тағы өсті. «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7% — ға, яғни инфляция деңгейінен 2% — ға ілгерілеп арттырылды. Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңгені құрады.