ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРИХЫ: ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІ

Төртінші кезең 1999 жылдан басталды және ол мемлекеттік меншікке билік ету мен реттеу мәселелеріндегі мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілеттіктерді бөлісуде пайда болған жаңа қатынастармен сипатталады. Мысалы, 150-ден астам нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді және мемлекеттік басқару
деңгейі өкілеттіктерін нақты бөліп беруді қарастырған заң қабылданды. Мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы заңнамалық база да жетілдірілетін болды.
Жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған Бағдарламасының қабылдануы бұл кезеңнің алғашқы бастамасы болды. Бағдарламада жекешелендірудің бұрынғы кезеңдерінің іс жүзіндегі нәтижелері және нарықтық экономиканың негізі болған жеке меншіктің
қалыптасуы жазылды. Мемлекет экономиканың жекелеген стратегиялық маңызды салаларына қатысуды өзінде қалдырды. Ондай салаларға ұлттық экономиканың негізін құраушы салалар, сондай-ақ күнделікті өмірге аса қажетті тауарлар, өнімдер мен қызмет көрсету өндірісін қамтамасыз етуші салалар жатады. Осыған байланысты мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру және басқарушылық шешімдердің жүзеге асырылуын бақылау мәселелері ерекше маңыз алады.

Төртінші кезеңнің өзіне тән ерекшелігі мемлекеттік меншікті басқару және оған билік ету мәселелері бойынша мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктерді бөлісудегі жаңа қатынастар болып табылады. Айталық, бұл бағдарламаның түйінді мәселесі республикалық жєне коммуналдық меншік арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлісу болды. Мысалы, 1999 жылы коммуналдық меншікке 953 акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі акциялардың мемлекеттік пакеттері және оларға
қатысу үлестері берілді. Коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіруді шешу және жүргізу құқығы облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне берілді.