ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «АТАМЕКЕН» ҚР ҰКП СЪЕЗІНІҢ ДЕЛЕГАТТАРЫ САЙЛАНДЫ
Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің кезекті онлайн отырысында «Атамекен» ҰР ҰКП съезінің делегаттары анықталды.
Съезд 2021 жылдың 23 қыркүйегіне жоспарланған. Өңірлік кеңестен Қайрат Молдасейітов, Мұхит Асанов, Гүлия Жүзенова, Қанат Досымов, Дінмұхаммед Зиятбеков, Талғат Исхахов, Шыңғыс Қозбақов, Игорь Копайлов, Нұржан Мамытов, Абай Мырзабаев, Тахирбек Нышанбаев, Сергей Хегай съезд делегаттары болып белгіленді. Өңірлік кеңестің тағы бес мүшесі резерв құрамына енгізілді.
Бұдан бөлек өңірде Шымкент қаласы бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес Ashyq жобасының лидерлеріне жұмыс кестесі 2 сағатқа ұзартылды, осыған байланысты мониторинг топтардың жұмысы күшейтілді. Мониторинг топтар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, олардың тарапынан бизнеске қысым жасауды болдырмау, сондай-ақ кәсіпкерлер өздері жіберетін құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Өңірлік кеңес мүшелері мен салалық қауымдастықтардың өкілдерін мониторинг топтар құрамына қосу туралы шешім қабылданды.
«Мониторинг топтарын жергілікті атқарушы органдар құрады, оларға бизнесті коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық, шектеу іс-шараларының сақталуын тексеру тапсырылды», – деп түсіндірді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев.
Директордың айтуынша, мониторинг топтардың құрамы рейдтік іс-шара іске асырылмай тұрып, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурсында жарияланады. Өңірлік кеңес мүшелері қаладағы 4 аудан бойынша мниторинг топтар құрамына кіретін кандидаттарды таңдады.
Бұдан бөлек Палата директоры өңірлік кеңестің барлық мүшелеріне Шымкент қаласының 10 емханасы мен 2 инфекциялық ауруханасына оттегі баллондарымен қамтамасыз етуге және мобильді бригадаларды тасымалдауды ұйымдастыруға көмектескені үшін алғыс білдірді.