ШЫМКЕНТТЕГІ «БАСТАУ БИЗНЕСТІҢ» ТАБЫСТЫ ТҮЛЕКТЕРІ

Бүгінде Шымкент қаласында «Бастау Бизнес» жобасымен оқып, жеке кәсібін дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлер жетерлік. Олар өз тәжірибе, кеңестерімен түрлі форумдарда, жиындарда бөлісуден жалыққан емес.

Муталхан Байырбековтің негізгі мамандығы фельдшер. Бірақ 2019 жылы ол музыкалық аспаптар үшін мамандығы бойынша жұмысын тастап, домбыра жасауды қолға алды. «Бастау Бизнес» жобасымен оқып, жеке кәсіпті дамытуға грант алды. Ағасымен бірге «Асар» шағын ауданында цех ашты. Бүгінде домбыраны кәсіби деңгейде жасайтын маманға айналды, цехте айына 40 данаға дейін аспап әзірленеді.

Нилуфар Сайдуллаева – «Бастау Бизнес» түлегі, «Еңбек» бағдарламасы бойынша грант иегері. Ол көпбалалы ана, бизнесті сәтті дөңгелетіп отырған кәсіпкер. Ол өзі секілді жас кәсіпкерлерге табыс жолы туралы айтып, «Бизнес Бастау» жобасының болашақ түлектеріне үнемі көмектесіп жүреді. Бүгінде Нилуфар «ART_SCHOOL» компаниясының иесі. Тәжірибелі тігінші, 6 баланың анасы, ол алдымен өзінің тігін бойынша жеке кәсіпкерлігін ашты. Содан кейін клиенттер көбейді, көбісі одан тігін бизнесіне үйретуді сұрай бастады – келіншек сабақ бере бастады. Енді оның компаниясында тігін жабдықтарын сатып алуға болады, тігін ісін нөлден үйренуге жағдай жасалған. Ол үздік шәкіртттеріне сәнді тапсырыстарды береді. Нилуфар ынта білдірушілерге тігіншілікті үйретуге ғана емес, сонымен қатар тігін өндірісінің экономикасын есептеуге, қандай құрал-жабдықтар алуға болатындығы және жалпы өз тігін студиясын қалай ашуға болатындығы туралы кеңестер беруге дайын екенін айтты.  
Асхат Молдағалиев былтыр «Бастау Бизнес» жобасымен оқып, «Еңбек» бағдарламасымен грант алды. Грант қаражатына азық-түлік дүкенін ашты. Кейін  жылдың 6 пайызбен жеңілдікпен несие алып, дүкенді кеңейтіп, шағын маркет ашты.  

Білікті кәсіпкерлердің практикалық тәжірибесі жас кәсіпкерлер үшін өте маңызды. Табыс тағылымы қателіктерді алдын алып, табысқа жету жолын тездетеді, мотивация береді, жаңа бастамаларға жетелейді.

atameken.kz