ЛАТЫНҒА КӨШУ — ӘЛЕМДІК КӨШКЕ ІЛЕСУ

Латын әліппесіне көшуді біз сәл кешірек қолға алып отырмыз. Латынға кө­шуге келгенде қатардағы көп­шіліктің бірі емес, ака­де­миктің алақандай дипломы, про­фессорлық мандаты бар­лардың қайсыбірі кирилица арқылы жарияланған рухани байлықтан алыстап, екі орта­да бос далақтаймыз деген өзі­нің жорамалын айтып, іс басында жүргендерді ойлан­ды­рып тастады. Әліппе ауыстырудың пайда-зиянын білмейтіндердің үрейшілдігі өзгелерден жаман болады. Атағы барлардың үрейіне іс басындағылар амалсыз үр­пиісіп қарайды.

Сондықтан адамзат қоға­мының даму бағытын әрқа­шан естен шығармау керек. Замана ағымына ілесе алма­сақ, сені біреу қолтығыңнан демейді деп үміттенбе! Дер кезінде үрдіске ілеспесең «қап» деп саныңды соғумен боласың.

Латынға көшу керек. Біз қатарымыздан кешігудеміз. Әзірбайжандар бірден көшіп, техника тіліне үйреніп қалды. Ал қасымыздағы Өзбекстан осыдан он жыл бұрын мек­теп­терін латыншаға көшір­ген. Балалардың оқуын латыншаға көшіру арқылы олардың ата-аналарының да сауатын ашып алды. Оларға енді онша қиындық келмейді. Ал қырғыз бауырларымыз орыс тілін мемлекеттік тіл деп жариялап, көріп жатқан күндері мынау. Ал біздің Қазақстан орыс тілін ресми тілге айналдырып алды да, ана тілін дау-дамайдың объек­­тісіне айналдырып жі­берді. Қазақ қазақпен қазақ­ша сөйлесе алмай әлектену­деміз, тіпті түсіну жағында да қиындық көп. Осындай шын­­дықа көңіл аударған Пре­зидент Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Қазақстан халықтары Ассам­блеясының ХІІ сессия­сында қазақ тілінде іс жүрг­ізуді мемлекеттік қызметкер­лерге мықтап ескертіп, латын әліппесіне көшу міндетін алға қойған болатын.

Ағайындар, бүкіл адамзат­тың 60-70 пайыздайы латын әліппесін қолданады. Дүниежүзіндегі техникалық құрал-аспаптар латын әріпіне негіз­делген. Өркендеу заңы жа­салғанды сақтап, бауырыңа басып жата бер демейді. Ша­маң барда басқалардың пай­да­лы да ұтымды іс-әрекетін қолдануға талаптан дейді. Славяндармен өкпе-бауыры­мыз жабыса тумаған болар. Біз латынға көшсек, олар он­ша қинала да қоймас. Сон­дықтан латыншаға көшкен жөн. Енді тартыншақтай берсек, көш соңында қалып қою оңайдың оңайы. Елу елдің қатарына кіреміз десек, латын әрпінің пайдасы тимесе, зияны тимейді.

Тұрсынбек КӘКІШҰЛЫ,

филология ғылымдарының докторы, профессор.