ШЫМКЕНТТЕ «1000 САУДА НҮКТЕСІ» ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІНІҢ КЕЗЕКТІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«1000 сауда нүктесі» бағдарламасы аясында КОНКУРСҚА шыққан 7 жер учаскесінің өтінімдері онлайн түрде, zoom жүйесінде қаралды.

Тамыз айында төмендегі жер учаскелері конкурсқа шығарылған болатын:

• Абай ауданы, Арғынбеков көшесі, н/с, алаңы 0,0009 га (22-327-009-348);

• Қаратау ауданы, Нұрсәт мөлтек ауданы, н/с, алаңы 0,0016 га (22-330-050-272);

• Қаратау ауданы, Нұрсәт мөлтек ауданы, алаңы 0,0016 га (22-330-050-269);

• Еңбекші ауданы, Елшібек батыр көшесі, алаңы 0,0016 га (22-329-014-113);

• Әл-Фараби ауданы, Қазиев көшесі, алаңы 0,0015 га (22-328-004-124); • Еңбекші ауданы, №65 мектеп жаны, алаңы 0,0024 га (22-329-005-251);

• Қаратау ауданы, ӘІО, алаңы 0,0020 га (22-330-051-144).

Аталмыш жер учаскелеріне 17 кәсіпкер өтінім білдірді. Сонымен қатар, самоинициация аясында 4 кәсіпкер өз таңдауындағы жер учаскелерінің конкурсына қатысты.

Кәсіпкерлер алдағы уақытта: гүл дүкені, ет сататын дүкен, фаст-фуд, сухофрукты, канцелярия дүкені, кофе ішетін орын ашқысы келетіндерін жеткізді.

Комиисия отырысының шешімі алдағы күндерде жарияланатын болады.