ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ — ЕЛБАСЫНЫҢ ПАРАСАТТЫ ШЕШІМІ

Осыдан үш жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының пайда болуына байланысты пікір білдірген болатын.

2018 жылы маусым айының 19 жұлдызында «Бүгін «Қазақстан Республикасының Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының тоғызыншы бабына сәйкес, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғалы отырмын. Бұдан былай бұл өңір Түркістан облысы деп аталатын болады. Осы әкімшілік аумақтың құрылымына өзгеріс енгізу арқылы бұл өңірдің өркендеуіне тың серпін беруді көздеген тарихи құжат болып саналады», — деп атап өткен еді Н.Назарбаев.

Елбасының сол шешімінің дұрыс болғанын бүгінгі жаңарған, жайқалған Түркістан қаласына қарап түсіне түскендей боламыз.