ҰЛТТЫҚ ҚОР — БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ МҰРАСЫ
Ұлттық қор туралы жарлыққа 2000 жылдың 23 тамызында қол қойылды. Қазақстан бұл тұрғыда мұнай қорын 1990 жылы-ақ құрып алған Норвегияның сәтті тәжірибесін ескерді. Аталған қордың арқасында, біріншіден, осы бір скандинавиялық мемлекеттің экономикасы бақылауға бой бермей кетуіне ұрынбады, екіншіден, тұрақтандыру қоры құрылды, үшіншіден, жинақталған қаражат болашақ ұрпаққа сақтала берді.
Ұлттық қордың жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында бірінші болып Қазақстанда құрылғанын да атап өткен жөн.
Ұлттық қордың құрылуын жаһандық қаржы ұйымдарының жетекшілері жылы шыраймен қабыл алды. 2002 жылдың желтоқсанында Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Ж. Лемьер Қазақстанда Ұлттық
қордың құрылуын «өте көрегендікпен қабылданған шешім» деп мәлімдеді. Табиғи қазбаларды экспорттаудан алынған түсімдерді жинақтайтын Ұлттық қорды басқару Ұлттық банкке тапсырылды. 2005 жылдың қыркүйегінде
Н.Назарбаев Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын бекітті.
Ұлттық қордың 2000-шы жылдардағы жинақталу динамикасы жоғары болды: 2004 жылдың өзінде шоғырланған қаражат көлемі 5 миллиард доллардан асып кетті, 2005 жылы ол 8 миллиардқа жетті, 2006 жылы – 14 миллиард, ал 2007 жылы – 21 миллиард болды. Ұлттық қордың құрылуы жас мемлекетіміздің тарихындағы айтарлықтай
елеулі шешім еді. Ақырында Ұлттық қор 2007–2009 жылдардағы жаһандық
дағдарыс салдарларын еңсеруде аса маңызды рөл атқарды.