ҚАЗАҚСТАН КӘСІПКЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

2006 жылдың қаңтарында «Жеке кәсіпкерлік туралы» заң қабылданып, жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерудің тәртібін белгіледі. Осы жылдың наурыз айында қазақстандықтардың жеке бастамашылдығын еркін жүзеге
асыруына жағдай жасалғанын, кәсіпкерлердің тек оны тиімді пайдалана білуі керектігін толық сеніммен мәлімдеуіме мүмкіндік туды. Мыңдаған қазақстандық бұл ұранға үн қосты.

2008 жылдың ақпанында халыққа арнаған Жолдауда Елбасы бизнеске түсетін әкімшілік салмақ мәселесіне қайта оралды. Алуан түрлі тексерулер ақылға сыятын шектен асып түсіп, экономика мен жеке кәсіпкерлік үшін нағыз апатты ахуалға айнала бастады. Мұндай бейберекет тексерулердің ел саясатына қайшы екені ашық айтылып, Үкіметке оларды қысқарту туралы тапсырма берілді.
Шағын және орта бизнесті тексеруге тағы да мораторий жарияланып, ол 2009 жылдың шілде айына дейін созылды. Сол 2009 жылы Үкіметке бизнеске тексеру жүргізудің барлық рәсімдерін реттеу жүктелді. Ауқымды
жұмыс атқарылды, ақыры 2011 жылдың қаңтарында «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» заң күшіне енді.
Кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау саясаты ел үшін атқарылған игілікті іс болып шықты. Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтін халықтың үлесі ұдайы өсе түсті де, 2011 жылы 29 процентке жетті. 2012 жылы жеке кәсіпкерлік 2,5 миллион қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етті.