ЕЛ ӘЛЕУМЕТІН КӨТЕРГЕН ЕЛБАСЫ

Әлеуметтік дамудың қазақстандық моделі ерекшеліктерінің негізі әу бастан қаланып, кейінгі жылдары , толықтырылған болатын.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан кедейшілікпен күресуде, елдің барлық азаматтарын бірдей мүмкіндікпен қамтамасыз етуде ғаламат жетістіктерге қол жеткізді.

2000-шы жылдардағы Жолдауларда тиімді әлеуметтік саясатқа үнемі баса назар аударылды, халықтың әлеуметтік көңіл күйі қашанда мемлекеттік саясаттың алдыңғы легінде қала береді.
Білім беру, денсаулық сақтау және жалпы бюджеттік сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғауға бөлінетін қаражат көлемі өсіп жатты.
Ана мен баланы қорғауға байланысты нақты мәселелерге мен қашанда айрықша маңыз берумен келемін. 2003 жылдан бала тууға байланысты мемлекеттік жәрдемақы төлене бастады.

Тұрғын үй саясаты – қазіргі заманғы кез келген мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі. 2004 жылы Үкімет Тұрғын үй құрылысының 2005–2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдады.
Енді тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны ағымдағы бағамға байланысты теңгемен есептегенде орташа есеппен 350 доллардан аспауы керек. Сатып алынатын тұрғын үй үшін төленер алғашқы жарна 50-ден 25 процентке төмендетілді, ал несиені қайтару мерзімі 15-тен 25 жылға ұзартылды.
Осы бағдарлама бойынша 2007 жылы 4 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үй мәселелерін шешудің 2000-шы жылдары кең тараған тағы бір тәсілі – өз баспанасының салыну жобасын жеке ақшасымен қаржыландырған азаматтардың (үлескерлердің) қатысуымен жүзеге асатын үлескерлік құрылыс еді (2007 жылы олар шамамен 30 мыңдай адам болатын). Тұрғын үйді салу инвестор несиесінің есебінен жүргізілді. Осы шартты орындау құрылыстың аяқталуына кепіл болады деп болжанды.

Әлеуметтік қамсыздандырудың тұрақты үш деңгейлі жүйесі жасала бастады. Бірінші, базалық деңгей – мемлекет кепілдендірген әлеуметтік жәрдемақылар. Екіншісі – жұмысшыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру есебінен аударылатын әлеуметтік төлемдер. Үшінші, қосымша деңгей – жеке және кәсіби ерікті аударымдар есебінен өндірілетін әлеуметтік төлемдер.

ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы әлемдік қоғамдастықтың дамуын таразылаған БҰҰ Қазақстанның әлеуметтік саладағы жетістіктерін мойындап, оны адам әлеуетінің деңгейі жоғары елдерінің тобына қосты.
Бұл – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың нақты сапасын байқататын көрсеткіш.