ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ҚАЛАЙ ТҰРАҚТАНДЫ?
2008 жылдың қарашасында, әлемдік дағдарыстың қызған шағында Қазақстанның қаржы жүйесін құтқару үшін Екінші деңгейлі банктердің күйзелісті активтерінің мемлекеттік қоры құрылды.
Бизнесті несиелеуді жалғастырып, салымшылардың сенімін ақтап, олардың қаражатының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді жалғастыру керек болды. Осы мақсатта жеке тұлғалар үшін кепілдендірілген салым сомасы 5
миллион теңгеге ұлғайтылды.
Дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыруда мемлекеттік көмекті нақты секторға жеткізу жөнінен мәселе туындады. Банктер шағын және орта бизнеске несиені өте жоғары мөлшерлемеде – 25 процентпен беруге көшті.
Нәтижесінде Үкімет банк мөлшерлемелерінің деңгейін өзі реттей бастады.
2008 жылғы әлемдік дағдарыс жағдайында жүздеген ел өз валютасын ырықтандыруды іске асырды. Теңге бағамын бұрынғыша қолдап ұстап тұру алтын қорын сарқуға алып келетін еді, ал бұл, өз кезегінде, мемлекет
тұрақтылығына қатер төндірді.
Үкіметке ұлттық экономикаға барынша тиімділік әкелетін бағдарды ұстануға, валюталық алыпсатарлықтан сақтануға тура келді және ол қазақстандықтар үшін ауырлық түсірмейтін. Есепшілердің көрсетуінше, елде теңгені 25 процент көлемінде ырықтандыру қажет болды, 2009 жылдың ақпанында дәл солай жасалды. Бұл –
экономикадағы теріс үрдісті тоқтатуға мүмкіндік берген аса маңызды қадамның бірі болды. Нәтижесінде өнеркәсіптік өндірісті қалыпты жағдайда ұстап тұруға, сыртқы және ішкі нарықта оның бәсекелестік қабілетін көтеруге жағдай туғызды. Осының бәрі дағдарысқа қарсы кешенді шаралардың қарқын алуына алғышарттар жасады. 2009 жылдың шілдесінде-ақ Қазақстанда экономикалық өсімнің алғашқы белгілері көріне бастады.