ТҮГЕЛ ҚАЗАҚТЫҢ ТҮБІ — БІР

Алмағайып заманда өзге елге кетуге мәжбүр болған қандастарымыз елге оралғалы бері тіліміз, мәдениетіміз қайта жаңғырды. Мұны көпшілігіміз байқай бермейміз. Болашақ ұрпақ келешекте Елбасымыздың бұл бастамасына өз бағасын беретін болады.
20 ғасырда Солтүстік Кавказдан 550 мың адам, Қиыр Шығыс пен Кореядан 100 мың адам, Ресейдегі неміс ұлтынан 600 мың адам, еврейлер мен гректерден 1,5 миллиондай адам Қазақстанға күштеп көшіріліп, жасанды түрде көп ұлтты елге айналдық. Тәуелсіздік алған жылдарда 17 миллионға тарта халқымыз бар еді. Одақ ыдырап, ел сарсаңға түскенде, солардың біразы елдеріне көшті. Сондықтан, дүние жүзіндегі қазақтардың басы қосылып, еліміздің өркендеуіне атсалысса екен дейміз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауымдастық құрылған күннен бастап оған төрағалық етіп келеді. Қазақ елінің басшылары үшін шетте жүрген бауырларға жанашыр болу – әрбір қазақстандыққа қамқорлық жасаумен бірдей маңызды. Қауымдастық дүниеге келгеннен бері бес құрылтай өткізді. Тәуелсіздік алғалы шеттегі 5 млн қазақ диаспорасымен байланыс орнады. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа белестерге қарыштап қадам басқан, жаңа биіктіктерді бағындыратын жаңа тарихы. 1991 жылдың шілдесі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР-на барған алғашқы сапарынан соң алыстағы ағайын Ұлы Жібек жолының бойымен аңсаған атамекеніне оралған еді.

Содан бері қандастар көші бір толастамады. Көшің көлікті болсын, ҚЫМБАТТЫ ҚАНДАС БАУЫРЛАР!