ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮЛГІСІ

Елбасы Н. Назарбаев өз тәжірибесіне сүйене отырып былай дейді: «Жаһандық тәжірибені жан-жақты талдау барысында бір нәрсеге анық көзім жетті: адамзат этносаралық келісімнің әмбебап формуласын әзірге
таба алмапты, сондықтан 2002 жылдың қарашасындағы ҚХА-ның ІІ сессиясында барлық елдер үшін қолайлы, мүлдем дау тудырмайтын ұлтаралық қарым-қатынасты үйлестірудің формуласы жоғын еске салдым. Этностық
және тарихи-мәдени ерекшелігіне орай, әр елдің ұлтаралық проблемаларды шешуде өз ұстанымы болуы керек».
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында дәл осындай өз ұстанымын тауып, әлемге өз стратегиясын көрсетті, ұлтаралық келісімнің өзіне ғана тән іскерлік үлгісін жасады. Әрине, мұндай үлгіні жасау уақыт, тұрақты күш-жігер мен ересен еңбекті талап етті, алайда нәтиже сол еңбекке татитын: қиын жағдайда біз байырғы қазақ жерінде тіршілік етіп жатқан барлық азаматтар мен этностардың патриотизміне және азаматтық жауапкершілігіне өзара түсіністігі мен толеранттылығына негізделген айрықша үлгі жасап шығарды. Елбасы оны 2003 жылдың желтоқсанындағы ҚХА-ның Х сессиясында мен оны этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі есебінде атап көрсетті.

2008 жылы еліміздегі ұлттық саясатымыз құрылған мынадай 5 базалық қағидатты қалыптастырды: 1. Этностық, конфессиялық, мәдени, тілдік әртектілік біздің басты байлығымыз саналады. 2. Мемлекет мақсатты түрде Қазақстандағы мәдениеттер мен тілдердің дамуына қажетті барлық жағдайды жасайды. 3. Ұлттың ең маңызды құндылықтары – толеранттылық пен жауапкершілік. 4. Қоғамдағы ұйыстырушы рөл қазақтарға тиесілі. 5. Қазақ халқының бірлігі. Бақытқа орай, Қазақстан елеулі қателіктерге жол берген жоқ. Біздің мемлекетіміз тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап халықты біріктіруге және этносаралық келісімге мұқият назар аударды.
Бізге этностық және конфессиялық сипатына қарамастан, қазақстандықтардың нақты тең құқықтылығын заңмен бекітудің және қамтамасыз етудің сәті түсті. Осылайша «ұлтаралық келісімді бұзатын кез келген әрекет конституцияға қарсы деп есептеледі» деп көрсетілген конституциялық қағидаттың сөзсіз орындалуына қол жеткіздік.