Қазақстан өмір сүруге қолайлы елдер рейтингінде Сириямен қатар тұр
Америкалық GOBankingRates қаржылық кеңес беру порталы өмір сүруге тиімді 50 елдің рейтингін түзді. Рейтинг жергілікті тұтыну тауарлары мен азық-түлік бағасына, жылжымайтын мүлікті жалдау құнына негізделген, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші орында Үндістан, екінші орында Сауд Арабиясы, үшінші орында Пәкістан тұр. Өмір сүруге ең тиімсіз ел Венгрия болып шықты. Рейтингте жиыны 115 ел аталады.
ТМД мемлекеттерінен тізімге Беларусь (27-орын) пен Қазақстан (31-орын) кірді. Еліміз Албания мен Сирияның арасына жайғасқан. Былтырғы рейтинг бойынша Қазақстан 5-орында болған.
Қазақстан туралы сипаттамада еліміздің тамылжыған табиғаты ерекше назарға алыныпты. Нью-Йоркпен салыстырғанда біздегі азық-түлік бағасы 72 пайызға, тұрғын үйді жалдау 89 пайызға, жалпы өмір сүру құны 66 пайызға арзан екен.