ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР ӨРЛЕГЕН ЖЫЛДАР
Экономикадағы тұрақтылық орнаған кезеңге тұспа-тұс, 2000 жылдары, Қазақстанның мәдениет саласы жаңаша қуатты серпіліске ие болды. 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп жарияланды. Негізгі қаржы ел аумағындағы ғана емес, шетелдердегі қазақстандық мәдениет пен өнерді де қолдауға, алға бастыруға және мәдениет ошақтарын салуға жұмсалды.
Астанада Президенттік мәдениет сарайы (2000 жыл), Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы (2004 жыл), астаналық цирк (2005 жыл), Бейбітшілік және келісім сарайы (2006 жыл) пайдалануға берілді.
2002 жылы Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры алғашқы көрермендеріне тарту ұсынса, осында 2006 жылы облыстық халық шығармашылығы орталығы ашылды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылған алғашқы жеті жыл ішінде 78 мәдени-тарихи ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Олар – Ай ша Бибі, Арыстан баб, Абат-Бай тақ, Есімхан, Қарасопы, Мақұлтам, Ысқақ ата, Жабрайыл ата кесенелері, Қараман ата қорымы мен «Абылайхан ордасы» кешені және басқалар.
Қазақстан әдебиеті де сенімді қадамынан жаңылған жоқ. 2003 жылы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» роман-дилогиясы М.А.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болды.
Авторлық кино да бұрынғыдай жоғары бағаға ие болып отырды. Серік Апырымовтың «Үш ағайынды» кинофильмі «Киношок-2000» ТМД және Балтық елдері фестивалінде арнайы жүлде, Дели Халықаралық кинофестивалінде (2002 жыл) Гран-при жеңіп алды. Осы автордың «Аңшы» картинасы 2005 жылы «Ника» сыйлығын иеленді. Гүлшат Омарованың «Шиза» туындысы «Кинотавр» сыйлығының ең үздік дебют аталымына (2004 жыл) лайық деп танылды. «Киношок» (2004 жыл) фестивалінің Гран-приіне Рүстем Әбдірашевтың «Қаладан келген қыз» картинасы ие болса, оның «Сталинге сыйлық» фильмі «Синемас Азия» фестивалінде (Франция, 2009 жыл) Гран-при алды.
Көрерменге жол тартқан отандық алғашы блокбастер – «Көшпенділер» фильмі (2005 жыл) әлеуметтік-мәдени саладағы айрықша оқиғаға айналды (режиссерлері Иван Пассер, СергейБодров, Талғат Теменов). Қазақстан
– Ресей – Германия бірлесіп түсірген «Моңғол» (2007 жыл) тарихи фильмі «Ника» жүлдесін иеленіп, «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Ақан Сатаевтың «Рэкетир» (2007) фильмі үлкен табыспен көрсетілді.
Алматыда 2003 жылдан бастап «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалі жыл сайын өткізіле бастады. 2005 жылы халықаралық «Еуразия» кинофестивалі қайта жанданды.
Бейнелеу өнері саласында Еркен Мергенов, Ерболат Төлепбай, Айша Ғалымбаева, Дулат Әлиев, Асқар Есенбаев, Кенжебай Дүй сенбаев, Үкі Әжиев, Сәуле мен Әлібай Бапановтардың картиналары танымал бола түсті.
Театр сахнасында көрермендер Болат Аюханов, Рубен Андриасян, Райымбек Сей тметов, Есмұқан Обаев, Ләйлім Иманғазиналардың жаңа қойылымдарын зор ықыласпен қабылдады.
Классикалық музыканы қастерлеушілер – скрипкашылар Ай ман Мұсақожаева мен Гауһар Мырзабекованың, пианиношылар Жәния Әубәкірова мен Гүлжәмила Қыдырбекованың, опера әншілері Нұржамал Үсенбаева
мен Әлібек Дінішевтердің өнерін бұрынғысынша жоғары бағалайды. Әнші Майра Мұхамедқызы, дирижер Алан Бөрібаев, пианиношы Әмір Тебенихин, скрипкашы Шернияз Мұсахан, пианиношы Оксана Шевченко тәрізді
жаңа жұлдыздар танымал бола бастады.
Заманауи әндер бағытында «А-студио» тобының бұрынғы әншісі Батырхан Шүкенов жеке орындаушылық жолға түсіп, өзін жаңа қырынан танытты. Оның «Отан-Ана» атты 2002 жылы қазақ тілінде жарыққа шыққан
альбомы үлкен сұранысқа ие болды. «Алматы – менің алғашқы махаббатым» ретроәндер фестивалі қазақстандықтардың жүрегінен ерекше орын алды.
2001 жылы АҚШ-та өткен Бүкіләлемдік музыка бәйгесінде фолк-рок орындаған «Ұлытау» тобының халықаралық аренадағы жеңісі таңдай қақтырды. Топ 2007 жылы «Алтын диск» жүлдесін иеленді. 2005 жылы
«Жаңа толқын» фестивалінде көрермен ықыласы аталымына әнші Мақпал Исабекова ие болды.
2000-шы жылдардың соңында мәдениетті дамытуға бөлінген қаржы еселене түсті: 2008 жылы қаржыландыруға 160 миллиард теңге жұмсалса, 2010 жылы 230 миллиард теңге бөлінді.
Тәуелсіздік дәуірінде мәдениетіміздің дамуының ең жоғарғы бағасы – әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлық болды.