ҚАЗАҚСТАН — ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ
Қазақстан үшін Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан тәрізді түркі әлемі елдерімен тығыз ынтымақтастықта болу ерекше маңызға ие.
Тығыз қарым-қатынаста болуымызға тілдік және конфессиялық туыстық, тарихи-мәдени мұраның ұқсастығы негіз болды. Сондықтан 1993 жылы түркітілдес мемлекеттер ТҮРКСОЙ түркі мәдениетінің халықаралық
ұйымын құрған болатын.
ТҮРКСОЙ аясында мәдени ынтымақтастық белсенді дамыды. Қазақ жазушыларының шығармалары түрік тіліне аударылды, мәдениет күндері өткізілді. ТҮРКСОЙ түркі әлемі үшін өзіндік ЮНЕСКО іспетті болды. 2008
жылы ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшылығына еліміздің мәдениетіне елеулі үлес қосқан қазақстандық қайраткер Д.Қасейінов тағайындалды.
Әзербайжан астанасында 2005 жылдың мамырында «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбырының іске қосылуына байланысты өткен жоғары деңгейдегі кездесу түркітілді мемлекеттер арасындағы қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетті.
Түркі ынтымақтастығының дамуында түркітілдес мемлекеттер басшыларының 2009 жылдың қазанында Әзербайжанның Нахичеван қаласында өткен IX саммитінің маңызы жоғары болды.
2011 жылдың қазанында Алматыда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) I саммиті өтіп, оған Н.Назарбаев төрағалық етті.
Саммитте сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі талқыланды. Түркі кеңесі саммиті жыл сайын өткізіліп тұратын болды.
Түркітілдес мемлекеттердің жемісті ынтымақтастығы – Қазақстан Республикасы дәйекті түрде жүргізіп келе жатқан кең және жан-жақты еуразиялық өзара ықпалдастықтың маңызды да қажетті факторы екеніне сенімім зор.