АҒАЙЫНДЫЛАР ОЛИМПИАДА ЛИЦЕНЗИЯСЫН ЖЕҢІП АЛДЫ
Таиландтың Паттайя қаласында байдарка мен каноэде есуден Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі өтуде. Екі адамдық каноэде сынға түскен Сергей және Тимофей Емельяновтар жеңімпаз атанып, Олимпиада лицензиясын иеленді.
Ағайынды Емельяновтар С2 1000 метр жаттығуы бойынша сынға түскен болатын. Іріктеу турнирінің ережесі бойынша, тек жеңімпаз атанған команда Олимпиада жолдамасын еншілейді.
Шымкент қаласы спортшыларының қоржыны осылайша тағы бір жолдамасымен толықты. Сонымен, жолдама саны беске жетіп отыр.