«АҚЫЛДЫ КҮНБАҒЫС» — ШЫМКЕНТТІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Шымкентте Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы қарқынды дамып келеді. Бүгінгі таңда қаладағы 30 қоғамдық орынға «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешені орнатылды.

Атап айтқанда:

Орталық саябақта – 3, Тәуелсіздің саябағы -с6, Металлургтер саябағы – 3, Қошқар ата – 2, Жеңіс саябағы – 3, Дендро саябағы – 3, Абай саябағы – 6, «Ескі қала» Цитадель аумағында – 4.

«Ақылды күнбағыс» — панельдер арқылы күн көзінен аккумуляторға қуат жинайды. Жиналған қуат ұялы телефондарды, планшеттерді қуаттауға, жарықтандыру шамдарын жағуға, танымдық кешендер құрылғысы іске қосылды.

2021 жылдың аяғына дейін қосымша 10 қоғамдық орындарда 30 тегін wi-fi нүктелері орнатылуда.

Атап айтқанда: Бәйдібек би ескерткішінің алаңы – 2, Шымкент қаласы әкімшілік ғимаратының артындағы парктің алаңы – 4, Нұрсат мөлтек ауданы, Назарбеков-Бәйдібек би көшелер қиылысы Нұрсат аллеясы – 2, Фонтан «Қызғалдақ» — 2, Арбат – 4, Нұрсат №130 мектеп артындағы аллеясы – 2, Наурыз алаңы – 4, Жерұйық саябағы – 4, Шәмші аллеясы – 2, Дендросаябақ – 4.

Қаланың тұрғындары мен қонақтары кез келген «ақылды күнбағысқа» ұялы телефонын тегін қуаттай алады.