«АНАШЫМ»

Ашқыздың өмір есігін,

Мен үшін жақұт есімің.

Ұйқысы тыныш болсын деп,

Тербеттің сәби бесігін.

Бауырға басып баласын,

Кей кезде ұрсып аласың.

Өзіңсің менің қамқоршым,

Айналайын Анашым.

Періште жүрек жанбысың,

Ұқтырдың тағдыр сан тұсын.

Жүрегі нәзік ұлы жан,

Анашым шекіз алғысым.

Қамқорым өзің қорғаным,

Күн нұрым менің, гүл бағым.

Ауырмай мәңгі Анашым,

Жанымда жүрсең болғаны.

Бекзат БАТЫРБЕК,

Жиенқұм жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушысы,

Түркістан облысы,

Бәйдібек ауданы.