АРМАН СӘБИТОВ: АУДАН АУМАҒЫНДАҒЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАУДА

Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Кездесудің күн тәртібінде аудан аумағында мемлекеттік қызмет көрсету барысы, ауыл округтеріндегі абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары,
аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының қатысушыларын айқындау жөніндегі конкурс өткізу мәселелері көтерілді.
Басқосу барысында аталған тиісті саланың бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Аудан басшысы Арман Сәбитұлы ауылдық округтер аумағындағы атқарылып жатқан тазалық жұмыстары туралы сын-ескертпелер айтты. Бұдан бөлек, конкурстың нәтижесінде бірқатар ауылдық округтерде (Ақсукент, Арыс, Ақбұлақ, Қарабұлақ, Қайнарбұлақ, Көлкент) «Көркем аймақ» ЖШС, 3 ауыл округінде (Жібек-Жолы, Манкент, Қарамұрт) «Манкент» ӨК және Қарасу ауылдық округінде «Қара-СУ-ВРМ» ЖШС жеңімпаз мекеме өкілдеріне коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдауды тиісті ауыл округі әкіммен келісе отырып, жүзе асыру қажеттігін айтты. Ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына кемшіліктерге жол бермей, нақты нәтиже шығаруды тапсырды. Сондай-ақ тапсырмалардың орындалу барысын ұдайы бақылауда ұстайтынын жеткізді.