АРЫС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ 7 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
Биыл Түлкібас ауданы Арыс ауылдық округінде “Ауыл-Ел бесігі” бағдарламасы аясында Мақталы ауылы Тәуелсіздік, Ғ.Мұратбаев, Байбосынұлы және Керейт ауылы Еркінбек, С.Тұрманұлы, Ж.Әсілбекұлы, Ф.Мырзатай көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл туралы бүгін аталған ауылдық округ тұрғындары алдындағы есептік кездесуінде аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов мәлімдеді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Мақталы ауылынан жаңа, заманауи фельдшерлік акушерлік пунктінің құрылыс жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі деп күтілуде.
Жалпы бір сағатқа созылған жиында тұрғындардың дені жер қатынастары саласы мен ескірген электр бағаналарын ауыстыруға қатысты көкейлеріндегі мәселелерін ортаға салып, аудан әкімі және жауапты мекеме өкілдерінен қанағаттанарлықтай жауап алды.
Басқосу соңында ауыл ақсақалдары атқарылып жатқан жұмыстарға жақсы деген бағасын беріп, батамен жиынды түйіндеді.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі