Арыста жұмысшы топ ескертеді
ЖҰМЫСШЫ ТОП ЕСКЕРТЕДІ
Тазалық шарасы — қала тынысының кеңеюіне үлесін қосатыны сөзсіз. Алайда, көше бойына күл мен тезек, құм, тас, цемент, бетон қалдықтарын тастайтын тұрғындар азаймай тұр. Белгіленбеген жерге тасталынған қоқыстар жылдар бойы қала шырқын бұзып қана қоймай, экологиялық зиян да келтіреді. Сондай-ақ кейбір кәсіпкерлік нысандар ғимараттың қасбетін де ретке келтіруі тиіс.
Осыған байланысты, қала әкімінің тапсырмасымен құрылған жұмысшы топ кезекті рейдтік шаралар ұйымдастырды. Құрамында аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен бірге қалалық тұрғын үй коммуналдық саланың және ішкі саясат бөлімі мамандарынан құралған жұмысшы топ өкілдері тұрғындарға жеке-жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескертулер берді.Енді белгіленген уақытта алынып тасталынбаса, айыппұл салынатын болады.
Құрметті жерлестер! Қаламызда «Таза Қазақстан» акциясы аясында күнделікті тазалық шаралары өтуде. Қаламыз бәрімізге ортақ болғандықтан – тазалыққа ұқыпты қарайық!
Оданша, өз үй іргеңізді тазалап, әктеп сырлап, дәстүрлі түрде өтетін «Үлгілі үй» байқауына қатысып, қаржылай марапатқа ие болыңыз!
Арыс Қаласы Әкімдігі