Ashyq қосымшасы Түркістан облысының ХҚКО-ларында

14 маусымнан бастап ХҚКО-лар Ashyq сервисі арқылы клиенттерді қабылдауға көшеді. Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар түркістандықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады.
Ashyq қосымшасы бойынша барлық қалада ХҚКО-ға кіруге қолжетімді болады. Қалалардың әрбір фронт-офисіне сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код берілді. QR кодтары ғимаратқа кіре берісте ілінеді. Бұл ретте кезекке алдын ала брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы – сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз.
«Егер смартфоныңызда Ashyq қосымшасы болмаса, жақында ғана Ashyq функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалана аласыз. Біз халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Тіпті сізде осы қосымшалар болмаса да, мәртебеңізді ХҚО қызметкерлері сіз ұсынған ЖСН бойынша анықтайтын болады», — деп «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Басқарма Төрағасы Әділ Қожықов хабарлады.
Сонымен қатар, келушілерден санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауды сұрайды.