ASHYQ ЖҮЙЕСІ: ВАКЦИНА АЛҒАНДАР ЖАСЫЛ ТҮСТЕ БОЛАДЫ

Ashyq жүйесінде вакцина алған тұрғындар қандай түсті мәртебеге ие болатыны белгілі болды.
Ashyq қосымшасында вакцинация паспорты қашан біріктіріледі және мұндай азаматтар қандай түсті көрсетеді? Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде БАҚ өкілдері жоба жетекшілерін осындай сауал қойды.
Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина вакциналау паспорты Ashyq қосымшасына кіріктірілетінін айтты. Қазір бұл мәселе Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мамандарымен бірге пысықталып жатыр.
«Вакцинаның екі компонентімен толық егілгендердің мәртебесі жасыл түспен белгіленетін болды», — деп түсіндірді Жанар Оразалина.
Департамент басшысы вакциналау паспорты Ashyq қосымшасымен 1 шілдеге дейін интеграцияланатынын айтты.