«АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ

ЭКСПО-2017 инфрақұрылымының негізіне сәйкес қаржы және технологиялық кластер құрылатын болады. Бұл – Қазақстан экономикасын жаңғыртудың сенімді платформасына айналады.

Бұл туралы Елбасы былай деген болатын: «Мен «Астана» халықаралық қаржы орталығына үлкен міндеттер жүктеймін. Ол әлемдік деңгейдегі жетекші қаржы орталығының бірі болуы керек. АХҚО Қазақстанның қаржылық инфрақұрылымының өзегі ретінде Орталық
Азия мен ЕАЭО-ның қаржылық хабы рөлін атқаруы тиіс. Болашақта мен оны әлемнің алдыңғы қатарлы жиырма қаржы орталығының қатарынан көргім келеді».

АХҚО арнайы мәртебесі Конституция мен Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен бекітілді. Орталықтың ерекше салықтық, валюталық және визалық тәртібі болды.

Бірінші кезекте бұл – қаржылық қызмет саласын, Қазақстан Республикасы құнды қағаздар нарығын инвестициялау үшін жайлы орта қалыптастыруды, Нью-Йорк, Сингапур, Лондон, Гонконг сияқты халықаралық капитал нарығына интеграциялануды көздеді.

АХҚО аумағында бірнеше мамандандырылған құрылым құрылды, олар осы аумақта жұмыс істейтін ұйымдардың қызметін реттейтін болды.
Маңызды институттардың бірі – Қаржы қызметтерін реттеу комитеті болды. Халықаралық арбитраж орталығы мен тәуелсіз қаржы соты құрылды. Үкімет, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар өздерінің сәйкес активтерін ІРО-ға АХҚО алаңы арқылы шығару туралы арнайы 2020 жылға арналған бағдарлама жасап
шығарды.
Бұдан басқа, қаржы орталығының негізінде жаңа биржа іске қосылды. АХҚО мен Шанхай қаржы биржасы (SSE) арасында акционерлік келісім жасалды. Осы құжатқа сәйкес ол – стратегиялық әріптес және АХҚО жаңа биржасының акционері (25% үлеспен) болды. Бұл Қытайдың инвестициялық өтімділігіне жол ашты. АХҚО мен SSE арасындағы
ынтымақтастық АХҚО-ын «Бір белдеу – бір жол» жаһандық бастама аясында қаржылық қызметтердің аймақтық хабы ретінде дамытуға бағытталған. Шанхай қор биржасының биржалық индустриадағы бірегей тәжірибесі мен беделі халықаралық инвесторлардың сенімін қалыптастырып қана қоймай, сондай-ақ АХҚО биржасын табыспен іске қосуға
қосымша кепілдіктер де ұсынды.