АСТАНАМ МЕНІҢ ҒАЖАЙЫП!
Астанам менің ғажайып ғой, ақ ордам,
Арындаған әр қазаққа боп қорған.
Бар әлемнің назарын өзіне аударып,
Дәурені жүріп, басына оның бақ қонған.
Сән сәулеті келісіп тым жарасқан,
Көз тартарлық биікпенен таласқан.
Кереметін көріп тұр ғой әлем де,
Ешкімменен сөз айтысып таласпан.
БАЯЛЫҚЫЗЫ ДАЯНА, Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің
7 «А» сынып оқушысы
Жетекшісі:
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
СЕРІКБАЙ ПЕРИЗАТ ӘБДІЖАМАЛҚЫЗЫ,Түркістан облысы, Төлеби ауданы