АСТАРЛАП АЙТУ – АҚЫЛДЫҢ ІСІ НЕМЕСЕ КӨШБАСШЫ КӨРІП ТҰРҒАН КӨКЖИЕК
Бабалар арманы тәуелсіздік болса, түркілер арманы бірігу болатын. Түркі халқының атасы Ата-түрік: «Бір кездері Ресей қазіргі уақытта өзі уысында мықтап ұстап отырған халықтарға бақылау жасаудан айырылады. Әлем жаңа деңгейге көтеріледі. Дәл осындай сәтте Түркия өзінің не істеуі керек екенін білуі тиіс. Ресей билігінің астында біздің тілі мен ділі бірге қандас бауырларымыз бар. Біз оларды қолдауға дайын болуымыз керек. Бірақ дайын болу деген сөз – ол сәтті үнсіз күтіп отыру деген емес. Оларды қолдау рухани байланыстар арқылы жүзеге асырыла бастауы тиіс.
Біздің өзара ортақ тіліміз – біз үшін көпір.
Біздің діліміз бен сеніміміз – біз үшін көпір. лқлд
Біз өзіміздің түп — тұқиянымызды еске алып, тағдыр талқысымен бізден бөлініп кеткен бауырларымыздың тарихын біріктіруге күш салуымыз керек. Біз олардың қол созғанын күтіп отырмай, өзіміз оларға жақындай түсуге тиіспіз».
Ататүріктің бұл аманатын Алаштың Көшбасшысы көрегендікпен жалғастырып отырғандығы даусыз. Түркия басшысы «біз қазақ елінің Президенті Назарбаевты Түркі әлемінің Ақсақалына балаймыз» деуі – оған берілген әділ баға!
Кәнігі саясаткерлердің ерекше артықшылығы, ол – тұспалдап сөйлеу, басқаша айта отыра, жұртына нені нысаналап отырғанын өзгелерден жұмбақтай отыра, зейінділік пен ойлылыққа жетелей жеткізуі. Біздер үшін ең маңызды деген тұлғаның тұспалына тоқталар сәт те келді. Тарата тарқатып тамамдар шақ та туды. Назарбаев әлем саясаткерлерінің арасында өзінің жақын бес жылдар төңірегінен ой қозғар саясаткер емес, одан әрідегіні көре білер көрегендігімен де танымал. Елбасының елім деп соққан жүрегі нені ұқтырды, ұғындырды? Қазақ жұрты қай бағытта көш түзуі керек? Қалай қам жасауы тиіс?
Бүгінгі Еуразиялық кеңістік жақын арадағы 20-30 жыл ішінде әлемде аса терең жүретін ірі геосаяси өзгерістердің эпицентріне айналады. Мұндай сынаққа Қазақстан қаншалықты дайын? Ендігі жерде Қазақстан демографиясының бүгіні мен ертеңіне жаңа әрі аса қатаң сыни көзқарас қажет. Еуразиялық кеңістікте жақын болашақта орын алатын геосаяси дүмпулермен қатар қарастырған кезде Қазақстанның демографиялық саясатына берілер баға ерекше. Әлем бойынша халықтардың дамуын бақылап отырған аса беделді институттар бар. Солардың қатарындағы БҰҰ — ның халықтардың орналасуы туралы бөлімі және АҚШ халық санағы бюросы жасаған сараптама бойынша 2050 жылға қарай, Қазақстанның көршісі Ресейді мекендейтін адам саны 110-120 миллион болмақ. Соған қарамастан, Ресейді аса үлкен қауіп күтіп тұр: елде орыс ұлтына жататын этникалық топтардың саны айтарлықтай қысқарып, ұлт болып қалыптасқан өзге халықтарының өсуі күрт артады. Бұл үрдіс Солтүстік Кавказ ғана емес, Орал мен Сібірде, тіпті Қиыр Шығыста да етек алмақ. Қазақстандағы Республикалық Статистика агенттігінің ақпараты бойынша, қазіргі кезде елдегі жалпы халықтың 65%-ын құрап отырған қазақ ұлтының ұрпақтары сол кезде өмірге келетін сәбилердің 97%-ын қамтитын болады. Қазақстанда тұратын 20% орыстардың үлесіндегі бұл көрсеткіш сол кезде 3% ғана болмақ. Ал Ресейдің өз орыстары халықтың 75%-ын құрап отырса да, олардың табиғи өсу көрсеткіші 50% төмен. Ал бұл кезде халықтың 25%-ын құрайтын өзге этникалық топтар Ресей Федерациясы халқының өсуін 50% асыра қамтамасыз етуде. Белгілі ресейлік демограф Л.Н.Рыбаковский елде мемлекетқұрушы этностың сан жағынан күрт азайып бара жатқанын жасырмайды. Мұндай үрдіс уақыт өте келе, аса апатты геосаяси жағдай туын датары сөзсіз. Мұнан шығатын қорытынды айқын: 2040-2050 жылдары Ресейдің қазіргі алып территориясын орыс этносының күшімен ұстап тұруы аса қиын болмақ. Бұл – Ресей тарапынан Қазақ стан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия бойынша да қауіпті дүмпу туындатары анық.
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан халықтарының бәрін қоса алғанда мынадай көрсеткішті құрайды: 1991 жылы олар 34.2 миллион болса, 2014 жылғы көрсеткіш-49,5 миллион. Яғни Орталық Азия мемлекеттерінде халық саны 45% өсті деген сөз. Өткен ХІХ-ХХ ғасырларда империя болған Ресей кейін Кеңестер Одағы атанғаны белгілі. Бірақ барлық кезеңде олар Қазақстандағы демографиялық даму мен этникалық көрсеткіштерді үнемі қатаң бақылауға алып, оның «қалыптасуына» ықпал етіп отырды. Ал бүгін ресми Қазақстан үшін Ресей тарапынан орын алып келген бұл басымдылық басты мәселе болмай қалған. Соған қарамастан, Украинаның Оңтүстік-Шығысындағы жағдай мен Қазақстанның Солтүстік және Шығыс аймағында көрініс тауып отырған сепаратизм қаупі және Еуразиялық кеңістікте әне-міне этнодемографиялық дүмпулер орын алатыны туралы болжамдардың жиі айтыла бастауы Қазақстандағы демографиялық ахуалға жаңа және сыни көзқараспен қарауды қажет етеді.
Негізгі дүмпулер және апатты қауіптер. Қазақстанда ұзақ уақыттан бері жүргізіліп келе жатқан мемлекеттік саясат тұрғысынан алып қарағанда ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін апаттардың алдын алу үшін Қазақстан аса маңызды деген бірқатар факторлар мен тренділерге көңіл аударуы тиіс. Біріншіден, бірқатар сарапшылар «Ресей өз дамуының ең сын сағатына жетті, сондықтан оның алдында «өзін ұлғайту» немесе керісінше «кішірейе түсу» сияқты аса қиын да күрделі мәселе туындайды» деген пікірде. Украинаны мысалға алар болсақ, Ресейдің «кеңейіп, ұлғая түсуге» таңдау жасағанын көруге болады. Екінші, қазіргі кезде АҚШ және Еуропалық одақ айтарлықтай бірауызды емес. Демек, олар Украинаның территориялық қауіпсіздігін сақтап қалуына әскери көмек көрсете алмайды. АҚШ Ресейдің әскери күшімен қақтығысқысы келмейтін ыңғай танытуда. Мұның астарында оның Ресейді аса қуатты әрі жағымсыз кейіптегі мемлекет ретінде танығысы келетін ниеті жатыр деуге болады. Әсіресе Украинада орын алған жағдайдан соң Ресейдің осы жағымсыз бейнесі Еуропа елдерін АҚШ төңірегіне топтасуға мәжбүрлеуі әбден мүмкін. Тіпті қазіргі геосаяси жағдайда АҚШ Ресейдің қазір гіден де батыл қадамға барып, Украинаның оңтүстік-шығысын орыс әскерінің басып алуына да мүдделі. Себебі Ресейдің қазіргі агрессиясының әрекеті АҚШ үшін Еуропада және Азияда да жаңа геосаяси мүмкіндіктерге жол ашады. Сондай-ақ Еуропалық интеграция үрдісіне кедергі туындайды. Еуропа елдері әскер қаржыландыруға күш салады, әскерге бөлінетін қаржы көлемі артады. Бұл АҚШ-тың НАТО-ны қаржыландыру ісіне жеңілдік әкеледі. Бүкіл әлемнің назары осыған ауған кезде олар АҚШ-тың қаржылық қиындықтарын назардан тыс қалдырады. Нәтижесінде АҚШ өзінің біраз қаржылық қиындықтарын шешуге мүмкіндік алады.
Бұл кезде елдегі дефолт және аса терең саяси дағдарыс жағдайындағы Украина Шешенстан сияқты Ресей үшін ұзақ уақытқа әскери қиындық туындата алмайды. Демек, Украина жеріне орыс әскерлерінің басып кіруіне Украинаның саяси элитасы мен әскерінің қаншалықты мызғымас мығым батылдығы ғана қарсы тұра алады.
Украина әскерінің қуаттылығы мен беріктігі, қайсарлығы Ресей тарапын «Украина әскери науқанын» 2015 жылға дейін қаржыландыруға әкеліп тірегені мәлім. Ал мұнан соңғы елдегі экономи калық шығындардың арта түсуі және соғыстың Украина әскерінің беріктігі нәтижесінде жеңіске әкелмейтініне көзі жете бастаған Ресей Украинаны федерацияландыру идеясынан бас тартары, бұл – болжам. Әрі соған қарай бет түзелуі кәдік!
(Жалғасы. Басы өткен мақалада)