АУДАН АУМАҚТАРЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласының аудан аумақтарында төтенше жағдай режимі және коменданттық сағат кезінде заңдылықты сақтау, жастарды құқық бұзушылықтан қайтару бойынша тұрғындармен кездесулер өткізілуде.
Абай ауданы аумағында Құрсай, Ақжар, Қатынкөпір, Самал-3, Ынтымақ, Жаңаталап, Көкбұлақ, Қызылжар, Ақтас елді мекені тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, елді мекеннің ардагерлер кеңесінің төрағалары, қоғам белсенділері қатысты. Олар жастарды арандатушылыққа ермеуге шақырып, қазіргі таңда бірлігімізді сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.
Айта кетсек, қазіргі таңда қалада 500-ден астам ерікті азамат қаладағы қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуда. Олардың қатарында тұрғындар, белсенділер, танымал спортшылар мен спорт мектептерінің ұстаздары, дін өкілдері және өзге де сала мамандары бар.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі