АУДАНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сенбіліктің қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол. Осы мақсатта аптаның әр сенбісінде тазалық жұмыстарын жүргізіп отыруды үрдіске айналдырған отырарлықтар бүгін де игілікті іске үлестерін қосты. Сенбілікке біркісідей атсалысқан мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары әрбір бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.
“Таза Қазақстан” аясындағы тазалық шарасы барысында қоршаулар сырланып, арам шөптер оталды. Көше бойындағы арық-атыздар күл-қоқыстардан тазартылып, жиналған қалдықтар арнайы орындарға жеткізілді. Жалпыхалықтық шара аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерінде де ұйымдастырылып, тұрғындар қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытты.
Отырар Ауданының Әкімдігі