АУЫЛ ӘКІМІ — АУЫЛ МӘРТЕБЕСІ

2012 жылдың қарашасында Жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасы бекітілді, соның нәтижесінде 2013 жылы орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктерге шектеу қоя басталды.. Мұнымен қоса, жергілікті органдар өкілеттіктері қаржы және кадр ресурстарымен нығайтылды.

Бұдан өзге, мәслихаттардың маңызын арттыру міндеті тұрды. Елбасы шешімі бойынша, 2013 жылдан бастап аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдерін сайлап қою енгізілді. Бұл жергілікті жерлерде әкімдердің 90%-і сайлану арқылы тағайындалатынын білдірді.

Жергілікті билік органдары басшыларының алғашқы баламалы сайлаулары 2013 жылдың 5–9 тамызында табысты өткізілді. Бекітілген ереже бойынша әкімдер мәслихаттардың депутаттары болып сайланды. 10 тамызда сайлаулар қорытындысы бойынша жасаған Үндеуде барлығы 7,6 миллион қазақстандықтар тұратын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың 2454 әкімі сайланғаны хабарланды.
Жаңа әкімдердің тиімді жұмыс істеуі үшін сайлауға дейін-ақ жағдай жасалғанын айту аса маңызды. Ішінара жергілікті органдардың кадрлық және қаржылық мүмкіндіктері күшейтілді, ал әкімдер әлеуметтік салада қосымша өкілеттіктер иеленді. Өкілеттіктерін осылайша күшейту, менің ойымша, әкімдердің мемлекет пен азаматтар алдындағы аса зор жауапкершілігін айқындайды.

Мұнымен қатар, орталықтың әкімдердің қызметін бақылауы күшейе түсті, оны жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру және дамыту туралы жаңа заң реттеп отырды. Осылайша, екі мыңнан аса ауыл әкімдерін сайлау аймақтық деңгейде тежеу мен қарама-қарсылықтар жүйесін туғызды.