АВТО-НҰР БАЗАРЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Абай ауданы жастар ресурстық орталығы және Абай аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Авто-нұр базарында «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Мақсаты жұмыссыз жүрген жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау. Жастарға нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыс, алғашқы бос жұмыс орны бағдарламаларын түсіндіру. Жұмыссыздар жастардың санын азайту.
Жәрмеңке барысында жұмыспен қамту орталығының мамандары базарға келуші жастар мен қала тұрғындарына бос жұмыс орындары бойынша толыққанды ақпараттар беріп, жұмыс іздеп келген жастар өздерінің сұрақтарына жауап алды. Нәтижесінде 400-ге жуық тұрғын ақпараттандырылып, оның ішінде 60-қа жуық тұрғын қызығушылық танытты.
Атап айтқанда 7 жас, 20 орта жастағы қала тұрғындары, қалғаны мемлекеттік гранттар бойынша Абай ауданы халыққа қызмет көрсету орталығына жіберілді.