АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ОРНАТУҒА АШЫҚ ҚАЗАҚСТАН
2010-шы жылдары азаматтық қоғамның ел дамуына атсалысуы және маңызды әлеуметтік міндеттердің шешімін табуы барынша елеулі болды.
Қазақстанда 35 мыңнан астам коммерциялық емес ұйымдар жұмыс істеді, олардың 28 мыңға жуығы – үкіметтік емес ұйымдар. Олардың Үкіметпен өзара қарым-қатынасын арнайы үйлестіру кеңесі реттеп отырды. Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ),соның ішінде түрлі шығармашылық одақтары, ҚХА қоры, Дүниежүзі қазақтарының ассоциациясы, Іскер әйелдер ассоциациясы, Қазақстан жастарының конгресі мемлекеттік тапсырысты орындау
арқылы қаржыландырылып отырды.
2012 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік тапсырыс ұзақ мерзімді әлеуметтік мәні бар жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді, 2010 жылдың ортасынан бастап мұндай жобалардың 2 мыңнан астамы, солардың
ішінде – ҚХА сессиялары, «Жібек жолы бойындағы диалог» халықаралық мәдени жобасы, Саясаттанушылар конгресі, Ұлттық мәдени орталықтар форумы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шараларының жиындары қаржыландырылды.
2010-шы жылдардың ортасына қарай елде кеңес беру, ақылдасу ұйымдары, сараптамалық және жұмыс топтары сияқты түрлі пікір алмасу – диалог алаңдары аз болмады. Алайда бұл құрылымдар толық көлемде
институционалды сипатта болмады, мәселен, Мәжілістегі заңнамаларға сараптама жүргізетін қоғамдық палата дәрежесіне жете алмады.
Азаматтық қоғам үнін жеткізуші ретіндегі қоғамдық кеңес беру органдарының рөлін арттыру мақсатында 2015 жылдың қараша айында Елбасы «Қоғамдық кеңестер туралы» заңға қол қойды.
2016 жылы елде екі жүзден астам қоғамдық кеңестер пайда болды. Үкімет олардың өкілеттілік шеңберін айқындады: қоғамдық кеңестер әкімдердің есеп берулерін тыңдайтын болады, өңірлік басымдықтарды анықтады, қандай да бір мәселелер бойынша тыңдаулар өткізді, олардың пікірлері өңірдің, яки белгілі бір саланың бюджетін қалыптастыру кезінде ескерілетін болды. Қоғамдық кеңестерге мол мүмкіндіктер берілген – олар азаматтармен биліктің арасын байланыстырушы мемлекеттік құрылымдарға азаматтық бастамаларды жеткізуші коммуникативтік арнаға айналды. Осылайша, «Қоғамдық кеңестер туралы» заң азаматтық қоғамды нығайтудың Ұлт жоспарын орындаудағы маңызды қадамы болды.