АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
2021 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстандағы ФАО байланыс және әріптестік жөніндегі бюросы (ФАО) «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясымен бірлесіп ФАО «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ ұлттандыру және Қазақстандағы ұлттық стейкхолдерлердің хабардар болу деңгейін арттыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ ұлттандыру және Қазақстандағы ұлттық стейкхолдерлердің хабардар болу деңгейін арттыру» атты семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты-азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына байланысты ТДМ міндеттері туралы хабардар болу деңгейін арттыру.
Семинар шеңберінде ФАО «Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты ТДМ имплементациялаудың ағымдағы жай-күйі» тақырыбындағы зерттеуінің негізгі қорытындылары, сондай-ақ Қазақстанда ТДМ ұлттандыру жөніндегі жол картасы ұсынылды.
Іс-шараға Қазақстан Парламентінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ұлттық экономика министрлігінің, Қазақстан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан фермерлері қауымдастығының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және басқалар қатысты.
Семинар ілеспе аударманы қолдана отырып, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өткізілді.