БӘЙДІБЕК: АЛҒАБАС АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
Аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың есепті кездесуі Алғабас ауылдық округінен жалғасты.
.
Аудан әкімі Шақпақ елді мекеніндегі ауылдық клубтың ағымдағы жөндеу жұмыстарын, құрылысы жүргізіліп жатқан спорт кешенін және ауыз су бекетіндегі қосымша ұңғыма қазу жұмыстарын аралап көрді.
Жауапты мекеме басшыларына, ауыл әкіміне жөндеу, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалауды тапсырды. Ал, мердігер мекемелерге өндірістік кестеге сәйкес жұмыстарды сапалы аяқтауды ескертті.
Құрылыс нысандарын аралап болғаннан кейін, Ерлан Заипұлы Ғ.Мұратбаев атындағы мектепте ауылдық округке қарасты елді мекеннің тұрғындарына есеп берді. Есепті кездесуде аудан әкімі ағымдағы жылы атқарылған, жүргізіліп жатқан және алдағы атқарылатын жұмыстарға кеңірек тоқталып өтті.
Кездесуде Таңатар елді мекенінің тұрғындары ішкі көшелерді асфальттау, көше жарығын орнату, ескі электр бағаналары мен желілерін ауыстыру жөнінде жөнінде мәселе көтерсе, Шақпақ ауылының тұрғындары ауыз су бекетінің қысқы маусымға дайындау жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Аудандық мәслихат депутаты Ерғали Асанұлы Қазата елді мекенінде ағын су мәселесін реттеу және оған маман тарту жөнінде пікірін білдірді.
Жиында көтерілген мәселелер мен қойылған сұрақтарға сала бойынша аудан әкімінің орынбасары мен бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкімі тарапынан жауаптар берілді.
— Бүгін арнайы өздеріңізге атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде есеп беріп отырмын. Сіздердің көтерген мәселелеріңіз бен өтініштеріңіз хаттамаға енгізіліп, оның орындалуы бақылауға алынатын болады, – деді Ерлан Нұрмаханов.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаты, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі