БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БӨГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін Бөген ауылдық округінің орталығы Шалдар ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов округ тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді.
Ерлан Заипұлы тұрғындар алдында атқарылған жұмыстарға, өткен кездесуде көтерілген мәселелердің орындалуына, атап айтқанда: Шалдар, Жиенқұм және Екпінді елді мекендерінен ойын алаңшашаларын салу, Шалдар елді мекенінде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і теңгеріміндегі 6,5 шақырым электр бағаналары мен әуе желілері ауыстырылғанын, Сарқырама елді мекенінде 3,5 шақырым электр бағаналары мен әуе желілерін ауыстыру, Айналма көшесіне және Жиенқұм елді мекеніндегі Сіргелі көшесіне тас төсеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына тоқталып өтті. Бұл жұмыстардың жыл соңына дейін аяқталатынын айтып, алдағы атқарылатын жоспарлармен бөлісті.
Тұрғындар тарапынан жайылымдық жер, ескірген электр бағаналарын ауыстыру, елді мекен ішіндегі ішкі жолдарға асфальт төсеу, жарықтандыру, ағын су және басқа да қойылған сұрақтарға аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов пен бірге тиісті мекеме басшылары нақты жауаптарын берді.
Бірқатары бақылауға алынып, зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін шешім қабыланатындығын жеткізді..
Сонымен қатар аудан әкімі Ерлан Заипұлы көтерілген мәселелер бойынша нақты шешім қабылдау және алдағы уақытта назарда ұстау, мерзімінде орындау жөнінде орынбасарларына, ауыл әкіміне, мекеме және бөлім басшыларына тапсырып, жиынды қорытындылады.
Кездесу жиынынан кейін аудан әкімі жеке қабылдауға жазылған азаматтарды қабылдады. Кездесу барысында және жеке қабылдауда айтылған мәселелер хаттамаға енгізіліп, оны орындау бойынша жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі