БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ БОРЛЫСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӨТТІ
Бүгінгі аудан әкімі Ерлан Нұрмахановтың есепті кездесуі Борлысай ауылдық округінде жалғасты.
Ерлан Заипұлы Борлысай ауылдық округіне қарасты Ақтас елді мекеніндегі 6,5 шақырым облыстық маңызы бар жол құрылысын бақылап, Борлысай ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа әкімшілік ғимаратына барды.
Одан соң, Қошқарата елді мекеніндегі құлпынай алқабының жұмысымен танысты. Кеңсай елді мекеніндегі абаттандыру және ішкі көшелерінің жөндеу жұмыстарын көрді. Нәтижесімен жауапты мекеме басшыларына, ауыл әкіміне жөндеу, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалауды және мердігер мекемелерге өндірістік кестеге сәйкес жұмыстарды сапалы аяқтауды тапсырды.
Аудан әкімі ауылдық округке қарасты елді мекендердің жағдайын көріп шыққаннан кейін, Борлысай мектебінің акт залында ауылдық округтің тұрғындарына есеп берді. Есепті кездесуде Ерлан Нұрмаханов округте «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында, әлеуметтік-экономикалық салада атқарылған, жүргізіліп жатқан және алдағы атқарылатын жұмыстарды баяндап өтті. Есеп беруде ауыл тұрғындары өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын жеткізді.
Кездесуде тұрғындардан қойылған сұрақтарға сала бойынша аудан әкімінің орынбасары мен бөлім, мекеме басшылары мен ауыл әкімі тарапынан жауаптар берілді.
— Басты мақсат — елді мекендердегі өзекті мәселелерді тыңдап, алдағы жоспарға енгізіп, жұмыс жасау . Жиында көтерілген мәселелер бойынша орынбасарларым мен тиісті бөлім басшылары жауаптарын берді. Қаржыландыруға ұсынылған бірқатар жобаларды айтып өтті. Әрине айтылған бірқатар мәселелеріңіздің орындалуы уақыт пен қаржыны талап етеді. Бірақ міндетті түрде кезең-кезеңімен шешілетін болады, — деді аудан әкімі.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаты, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі