БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ АУЫЗ СУ БЕРІЛДІ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Бәйдібек ауданының Алмалы және Алғабас елді мекендерінде таза ауыз мәселесі шешімін тапты.
Көп жылдан бері құдықтан су ішіп келген қос ауылдың 200-ден аса жанұясы енді таза, табиғи ауыз суды пайдаланатын болады. Айта кетерлік жайт, бұған дейін аудандағы 52 елді мекеннің 41-не орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген. Бүгінгі жаңадан пайдалануға берілген Алмалы мен Алғабасты қосқанда 43 елді мекен таза ауыз суды тұтынып отыр. Бұл аудан тұрғындарының 82,7 пайызын құрайды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі