БӘЙДІБЕК: БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ

Ақбастау ауылдық округіне қарасты «Шоқ-Талап» шаруа қожалығында балық шаруашылығын құру және оны дамыту мәселелері жөнінде семинар өтті.
Семинарға аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау пайдалану бөлімінің бас маманы Абай Сәдірхожа және балық шаруашылығын ашуға үміткер шаруа қожалықтарының төрағалары қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты аудан аумағында ағымдағы жылы ашылған балық шаруашылығы жұмыстарымен танысу және балық шаруашылығын ашқан кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.
Семинарда «Шоқ-Талап» шаруа қожалығының төрағасы Бақыт Омарбеков өзінің балық шаруашылығының жұмыстарымен таныстырып, тәжірибесімен бөлісті. Айта кетейік, шаруа қожалығы 2 га аумақта жасанды көл жасап, 1600 дана сазан шабақтарын ағымдағы жылдың сәуір айында жіберген.
Іс шарада Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» жануарлар және өсімдіктер дүниесін қорғау пайдалану бөлімінің бас маманы балық шаруашылығын жүргізу бағытындағы негізгі атқарылатын шараларды заңнамалық тұрғыда түсіндірді және қойылған сұрақтарға жауаптар берді.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі