БАҚ ӨКІЛДЕРІ МЕН ӨЛКЕТАНУШЫЛАР САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА АТСАЛЫСТЫ

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар Сарыағаш ауданына арнайы іс-сапармен барып, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында саябақта аудан тұрғындарымен бірге сенбілікке қатысты. Шара барысында қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, саябақтағы қоқыс салғыштар тазаланды.
БАҚ өкілдері мен өлкетанушылар «Таза Қазақстан» бағдарламасын насихаттауды ары қарай Түркістан облысының Қазығұрт, Төлеби аудандарында және Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау облыстарында жалғастырмақ.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі