БАСТЫ МАҚСАТ — ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІН ТОЛЫҚ ШЕШУ
Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Рысқұлұлы Парманов өңірлердің даму стратегиясы бойынша 2021 жылың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы БАҚ алдында баяндама жасады. Ол өз сөзінде:
Абай ауданы аумағы 49704 га құрайды. Оның ішінде 34 шағын аудан мен тұрғын алаптар бар. Ауданда 322 мыңнан астам халық тұрады.
Өздеріңізге мәлім, 2014 жылы Түркістан облысынан Абай ауданы аумағына 10 елді мекен (халық саны — 33 254) қосылып, аталған елдімекендердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешуде тиісті жұмыстар атқарылуда.
2014 жылдан бері аталған елді мекендерде инфрақұрылым мәселелері шешімін таппай келе жатқан. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы елді мекендерде 2020 жылы халықпен кездесіп, тиісті басқармаларға тапсырма беріп, қысқа мерзімде жобалық сметалық құжаттамалары әзірленді.
Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24-і сапалы ауызсумен қамтылып, ол 71% құрап отыр.
- Қалған 10 (29%) елді мекеннің ұңғыма суын пайдаланатын 5-не 2020 жылы сапалы ауыз сумен қамту үшін 1,9 млрд. теңге қаржы қаралып құрылыс жұмыстары жүргізілді.
— Жаңаталап тұрғын алабы (үй саны-676, халық саны-5196) — 723,3 млн. теңге;
— Игілік тұрғын алабы (үй саны-1319, халық саны — 8431) — 547,2 млн. теңге;
— Тәуелсіздікке-20 жыл тұрғын алабы (үй саны-716, халық саны-2 856) — 206 млн.теңге;
— Көкбұлақ тұрғын алабы (үй саны-312, халық саны-2 390) — 258,5 млн. теңге;
— Қызылжар тұрғын алабы (үй саны-684, халық саны — 4 419) — 154,8 млн. теңге;
Көмешбұлақ су көзінен Қ.Төлеметов көшесіне дейінгі магистралдық су құбырының (жоба құны — 7,1 млрд. теңге) құрылыс жұмыстары аяқталған соң аталған елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Қалған 5 елді мекен тасымалды ауыз суын пайдаланады.
Қазіргі таңда, «ЛТД Тұрмыс» және «Build Stroi» мекемелері тарапынан аптасына 2 рет әр үйге 400 литрден су тасымалдануда.
2020 жылы — Ынтымақ-2 (үй саны-2470, халық саны- 10 900) — 1,2 млрд. теңге;
— Батыс шағын ауданына (үй саны-2180, халық саны — 9 600) — 2,2 млрд. теңге;
— Нұршуақ шағын ауданына (үй саны-1025 үй, жер телімі — 4 875, халық саны — 4 613) — 2,9 млрд. теңге жалпы 6,3 млрд. теңге бөлініп, бүгінде құрылыстың 70 пайызы аяқталып отыр.
Құрылыс жұмыстары толығымен 2021 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 2 елді мекеннің:
Құрсай шағынауданының (үй саны-2216, халық саны-8812, Арғымақ — 35 үй, 2000 жер телім, халық саны — 115) 2-кезеңіне 1,4 млрд.тг қаржы қаралып, мердігер «Реголит» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстарын бастауда. Жобаның жалпы құны — 6 млрд.тг.
Жұмыстар 2022 жылға өтпелі.
Ақтас-2 тұрғын алабының ауыз су жүйелеріне 666 млн.тг. қаржы бөлініп, мердігер анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. 2021 жылдың желтоқсанына дейін құрылыс аяқтау жоспарлануда.
Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 26 елді мекені (80%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 8 елді мекен (20%) жеке меншік транформаторларды пайдаланды.
Мемлекеттік электр жарығының тарифы — 14 теңге болса, жеке меншік транформатор тарифы — 34 теңге.
2021 жылы 8 елді мекенді электр жарығымен қамту үшін жалпы 7,2 млрд. теңгеге жоба жасылып, ағымдағы жылы 3,4 млрд теңге бөлінген. Атап айтқанда:
— Нұршуақ шағын ауданына — (1025 тұрғын үй, 4875 жер телімі, 4613 тұрғын) жоба құны 2,6 млрд.теңге. 2021 жылға 637,3 млн.теңге қаралып, мердігер мекеме «Электромонтаж» АҚ құрылыс жұмыстарын бастауда.
Нысан 2022 жылға өтпелі.
— Жаңаталап тұрғын алабына — (1361 үй, 5196 тұрғын 6) жоба құны 987,7 млн.теңге. 2021 жылға 257,7 млн теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме «Газовое хозяйство Шымкентгаз» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастауда.
Нысан 2021 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады.
— Ынтымақ-2 шағын ауданына — (2318 үй, 7189 тұрғын) 828,3 млн.теңге қаржы қаралап, мердігер мекеме «А.Мерей и К» ЖШС анықталып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Нысан 2021 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады.
— Ынтымақ-2 шағын ауданының Батыс бөлігіне — (2318 үй, 7189 тұрғын) жоба құны 1,6 млрд.теңге. 2021 жылға 741,6 млн.теңге қаржы қаралап, мердігер мекеме «Туран Энерго групп» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Нысан 2022 жылға өтпелі.
— Айкөл тұрғын алабына — (66 үй, 334 тұрғын) 83,7 млн.теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Жолсерік» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастауда.
Нысан 2021 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады.
— Игілік тұрғын алабына — (625 үй, 8431 тұғын) 369,7 млн.теңге бөлініп, мердігер мекеме «Коорпорация Ақордасы» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастауда.
Нысан 2021 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады.
— Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына — (770 үй, 2856 тұрғын) 390,8 млн.теңге бөлініп, мердігер мекеме «Құрылыс – Т.А» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстарын бастауда.
Нысан 2021 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады.
— Ақжар тұрғын алабына — (510 үй, 5204 тұрғын) 166,9 млн.теңге бөлініп, мердігер мекеме «Агат» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастауда.
Нысан 2021 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады.
Аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 23 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 11 елді мекен қатты отынды пайдалануда.
Сонымен қатар, 2020 жылы 7 елді мекенді табиғи газбен қамту үшін жалпы 2,7 млрд. теңгені жоба жасылып, ағымдағы жылы 767,5 млн.теңге бөлінген. Атап айтқанда:
Алтынтөбе (218 тұрғын үй, 1231 тұрғын) тұрғын алабы газдандыру жұмыстарына 106,2 млн.теңге жоба жасалып, құрылыс жұмыстарына ағымдағы жылы толығымен қаржы қаралып, мердігер мекеме «Жылу Энерго ремонт» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Нысан 2022 жылға өтпелі.
Ынтымақ-2 (2318 үй, 7189 тұрғын) шағын ауданының Батыс бөлігіне газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына 993,8 млн.теңгеге жоба жасалып, ағымдағы жылы 197,5 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме «Энерго Ресурс Шымкентгаз» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Нысан 2022 жылға өтпелі.
Арғымақ шағын (35-үй, 2000-жер телімі, 115-тұрғын) ауданының газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына 212,8 млн.теңгеге жоба жасалып, ағымдағы жылы 100,5 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Нысан 2022 жылға өтпелі.
Ақтас (495 үй, 2578-тұрғын) тұрғын алабының газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына 290,4 млн.теңгеге жоба жасалып, ағымдағы жылы 108,3 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Нысан 2022 жылға өтпелі.
Ақтас-2 (115 үй, 615-тұрғын)тұрғын алабының газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына 223,6 млн.теңгеге жоба жасалып, ағымдағы жылы 121,6 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Нысан 2022 жылға өтпелі.
Ақжар (510 үй, 5204 тұрғын) тұрғын алабының газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына 541,5 млн.теңгеге жоба жасалып, ағымдағы жылы 103,4 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Нысан 2022 жылға өтпелі.
Көкбұлақ (үй саны-312, халық саны-2 390) тұрғын алабының газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына 328,2 млн.теңгеге жоба жасалып, ағымдағы жылы 30 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер мекеме анықтау үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Нысан 2022 жылға өтпелі.
Одан бөлек 2 елді мекенге (Ынтымақ-2, Нұршуақ ш.а,) табиғи газ жүйесін тарту мақсатында жоба дайындау үшін қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан ЖСҚ әзірленуде.
Мемлекеттік сараптама қорытындысын 2021 жылдың шілде айында алыну жоспарлануда.
Сонымен қатар, 2 елді мекенге (Құрсай, Тәуелсіздікке 20 жыл) ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда.
Магистралды газ тарату жүйесі бойынша 200 000м3/сағ. кұрайтын жаңа үшінші автоматтандырылған газ тарату станциясының (АГРС-3) құрылыс жұмыстары аяқталған соң аталған елді мекендер толығымен табиғи газбен қамтылатын болады.
Аудан бойынша тұрғындардың кәріз жүйесімен 31 пайызы қамтылған, 2020 жылы Самал-1,2,3 шағын аудандарында ұзындығы 119,7 шақырымдық жалпы жоба құны 4,4 млрд. теңгені құрайтын кәріз жүйелеріне ағымдағы жылы 1,6 млрд.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, жоба-сметалық құжаттамалар әзілеу бойынша 5 елді мекенге ұсыныс берліген.
Аудан аумағындағы көшелер саны – 1025 және ол 1034 шақырымды құрайды, атап айтқанда:
— Магистралды — 28 көше 145,4 шақырым;
— Ішкі орамдық — 997 көше 889,3 шақырым.
оның ішінде:
— асфальт жол — 651 көше (63,4%) 659,6 шақырым (63,8%);
— тас жол — 277 көше (27,1%); 329,9 шақырым (31,9%);
-топырақ жолдар – 97 көше (9,5%); 44,5 шақырым (4,3%)
2021 жылы аудан аумағындағы 36,9 шақырымды құрайтын 38 көшеге асфальт салу жұмыстарына 1 115,6 млн.тг бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жылы бюджеттен 160 млн. теңге қаржы қаралып, елді мекендердегі жалпы ұзындығы 44,5 шақырым топырақ жолдарға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудан аумағында 2020 жылы ауыз су жүйесін жүргізу барысында қазылған 8 елді мекеннің топырақ жолға айналған көшелеріне шағал тас төсеу үшін бюджеттен 150 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Аудан аумағындағы 1034 көшенің мемлекет тарапынан 125,8 шақырымды құрайтын 73 көше жарықтандырылған.
Ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында аудан аумағындағы әлеуметтік нысандар орналасқан 83 көшені 3 кезеңмен жарықтандыру жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда 1-кезеңдегі 38 көшеге мердігер мекеме «АБМ Билдинг» ЖШС тарапынан жарықшам орнату жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда 7 көшеде жарық шамдар толығымен орнатылған.
Сонымен бірге, аудан аумағындағы елді мекендердегі халық тығыз орналасқан орталық 200 кешені жарықтандыру қажеттілігі туралы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына ұсыныс берілген.
Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үйлер 258 аулаға біріктірілген.
2014 жылдан бері жалпы 222 аула абаттандырылып, 58 спорт алаңшасы салынды.
Ағымдағы жылы балалар және спорт алаңшаларын орнату жұмыстарына 1 млрд 389 млн.теңге қаржы бөлінді. Атап айтқанда;
— 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру — 691,1 млн.тг;
— 12 спорт алаңшаларын ағымдағы жөндеу — 20 млн.тг;
— 35 спорт алаңшаларын орнату — 678,36 млн.теңге.
Қазіргі таңда мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
2021 жылы 453 көпқабатты тұрғын үйдің 258 ауласы мен 727 көшенің санитарлық және ирригациялық жүйелерін қоқыстан тазалау жұмыстарына 377 млн. теңге бөлініп, жұмыстарды 1 мердігер мекеме, — «Ақсемсер Стройсервис» ЖШС атқаруда.
Ауданда орталық 81 көшенің механикалық және қолымен тазарту жұмыстарымен және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-і айналысады. Бөлінген қаражат көлемі — 1,02 млрд. теңге.
Аудан аумағында жасыл екпелерді отырғызу және күтіп ұстау жұмыстарымен»Buiid Stroi» ЖШС айналысуда. Бөлінген қаражат көлемі — 820 млн. теңге.
Сонымен қатар көпқабатты тұрғын үйлер мен ішкі орамдық көшелердегі қураған талдарды бұтау, аулалардағы жасыл желектерді кесу, шөптерді ору жұмыстарына 67,4 млн. теңге қаржы бөлініп, жұмыстарды «IT-Invest company» ЖШС атқаруда.
Мүлік иелерінің бірлестігін және жай серіктестік құру жұмыстары
Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үйлер бар. Оның 374 көпқабатты тұрғын үйлер кондоминиум нысаны ретінде әділет департаментінен тіркеуден өткен.
Бүгінгі таңда қалған 76 көпқабатты тұрғын үйлерді кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындардан келісім хаттамалары жиналуда.
Ауданда кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) (ОСИ и ПТ) құру бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, тұрақты жұмыстар жүргізілуде.
Қала әкімі — Мұрат Дүйсенбекұлы аудан аумағында кондоминиум объектісін басқарудың нысандарының (МИБ, ЖС) үлесін әр ай сайын кемінде 10 пайызға ұлғайтып, жыл соңына дейін 100 пайызға жеткізу қажеттілігі жөнінде тапсырма берген болатын.
Осыған орай, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде «Мүлік иелерінің бірлестігін» (МИБ) және «Жай серіктестік» (ЖС) құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 214 жиналыс ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, 108 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда 24 пайызды құрап отыр.
Оның ішінде, 62 көпқабатты тұрғын үйде жай серіктестік құрылып, 46 көпқабатты тұрғын үй мүлік иелерінің бірлестігі ретінде қалалық әділет департаментінде тіркелді.
Мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) (ОСИ и ПТ) құру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілетін болады,-деп істелген жұмыстар жайлы мәліметтер берді.
Жиын соңында журналистердің сауалдарына жауап берді.