БЕЙНЕКАМЕРАЛАР — ҚАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗ БЕЙНЕСІ

30 жылда орнатылған бейнекамераларға биыл басқарма тарапынан талдау жүргізіліп, 7753 бейнебақылау камералары орнатылғандығы анықталды. Цифрландыру жүйесі әсіресе  үшінші қалада қауіпсіздік және көлік  саласында жарқын  көрініс тауып отыр. Атап айтқанда, қалалық полиция департаментіне тиесілі –479, денсаулық сақтау басқармасына тиесілі 1211, білім беру басқармасына тиесілі 3601, балабақшаларда 1185, мектептерде –2416 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімдігімен 56 «Сергек» камерасы 14 желілік учаскеде орнатылған. Ал,  «Қазақтелеком» АҚ тарапынан 1152 тұрғын үйдің кіре берісінде 2462 камера орнатылып, жедел басқару орталығына шығару жұмыстар жүргізілді.Ағымдағы жылы 2385 мектепті бейнебақылау камераларымен қамту жоспарлануда. Алдағы уақытта тұрғын үйлердің кіреберістегі бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жалғасын таппақ. Ал, ағымдағы жылы қаңтар айында ұсынылған арнайы «SOS» батырмаларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.