БҒМ колледждерді «Жас маман» қаржыландыру бағдарламасынан шығарып тастады

Колледждер сенімгерлік басқаруға жабдықты жаңарту жұмыстарын жүргізуге 1,2 млрд теңгеден астам сомадан қағылды, оқу орындарының басшылығы бұл әрекетті заңсыз деп санайды.

22 желтоқсанда Түркістан облысындағы үш колледждің басшылары өздерінің мемлекеттік қаржыландыруды алуға құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге дайын екендерін, сотқа дейінгі реттеу басталғанын мәлімдеді.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі колледждерді  «Жас маман» кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының жабдығын жаңарту мемлекеттік бағдарламасынан заңсыз шығарып тастады.  және сотқа дейінгі реттеу шеңберінде Министрлік пен Түркістан облысының әкімдігіне заңсыз шешімді қайта қарауды ұсынып, өтініштер жіберді», – деді «№16 коллледж» директоры Зәкірхан Талбидин.

Кәсіптік-техникалық білім берудің үш оқу орны да Түркістан облысында орналасқан, бизнестен басқарушы компанияларымен тығыз байланысты жүргізіп жатыр. №16 колледж «Хамит» әлеуметтік кәсіпкерілк корпорациясымен (балықты өндіру, өңдеу және сату) ынтымақтастық орналсқан, Түркістан жоғары аграрлық колледжі «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС-ның (интенсивті бақ өсіру, көкөніс-жеміс өнімін сақтау мен логситикасы) басқарауында болса, Түркістан индустриялық-құрылыс колледжі «DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС-мен (құрылыс және құрылыс-монтаждауға материалдер мен бұйымдар өндірісі) ынтымақтастық орнатқан.

Сенімді басқару колледждерді «Жас Маман» бағдарламасынан шығарып тастаудың себебі болды. Бағдарлама бойынша қаражат колледждерге арналған жабдықты жаңартуға жұмсалады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 23.10.2020 жылғы №457 бұйрығы «100/200» принципі бойынша «Жас маман» бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға білікті кадрларды даярлау ережелерін өзгертіп, бизнес және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдардың сенімді басқару форматындағы ынтымақтастығына күмән келтіреді.

«Түркістан облысының 14 кәсіпорны 12 колледжді сенімді басқаруға қызығушылық танытып отыр, колледждердің 6-уы «Жас маман» жобасына кіреді», – деді Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Олжас Жансейітов.

Алайда 3 білім беру колледжімен орын алған жағдай біршама басқа: оқу орындарыны мен басқарушы компаниялардың басшылығы ҚР БҒМ хаттары мен Өңірлік комиссияны шешімінде заңсыз әрекеттерді көріп отыр, өйткені үш колледж де байқау іріктеуінен өтті әрі жабдықты сатып алу кезеңінде  бағдарламадан шыға алмайды.

«Бағдарламада қатысу үшін колледждер байқау іріктеуінен өтті, олардың қатысуы Республикалық комиссияның 28.11.2019 жылғы шешімімен расталған. Бір жыл өткен соң жабдықты сатып алу кезеңінде ҚР БҒМ жаңа бұйрық шығарды, ол байқаудан өткен колледжерді шығарып тастауға негіз болып отыр. «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 43-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес нормативтік-құқықтық актінің әрекеті ол күшіне енбей тұрып туындаған қарым-қатынастарға таралмайды», – деді «Түркістан индустриялық-құрылыс колледжі» МКҚК директоры Нұрсұлу Қалиева.

БҒМ колледждердің бизнес-әріптестері оқу орнын жаңғыртуға өз қаржысын салуы тиіс деп тұжырымдайды. Алайда, сенімгерлік басқару сатып алу құқығын бермейтіндіктен,  бұл оқу орындары мемлекеттік мекеме болып қала береді.

«Колледждердің бизнестен әлеуметтік серіктестері біліктіліктермен бөлісу, оқу бағдарламаларын жаңарту, өндірісте дуальды оқытуды дамытуға міндеттеме алады, бірақ орта бизнестің бірде біреуі мемлекеттік мекемеге 400 млн-на астам қаражат салуға мүмкіндігі жоқ, және мұндай міндеттемелер қарастырылмаған», – деді «DALA-FRUIT.KZ» басқарушы компанияның өкілі Қайрат Айтбаев.

 Колледждердің басшылығы Түркістан облысы Өңірлік комиссияның колледждерді бағдарламадан алып тастау бойынша шешімін алып тастау, мемлекеттік колледждердің сенімді басқаруда құқығын бұзбау қажет деп санайды.

«Атамекен» ҰКП коллеждер сенімді басқаруда бары-жоғына қарамастан мемлекеттік коллеждерге тең құқық белгілеуді немесе сенімді басқарушыларға қосымша талаптарды бекітуді ұсынады (қызмет саласына сәйкес, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі, консорциум, салықтық қарыздың болмауы және т.б.) – деп мәлімдеді Олжас Жансейітов.