БІЛІМ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ҰШТАСТЫРҒАН ҰСТАЗ – ГҮЛДАНА СЕРІКБАЕВА

Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелеу, қанаттандыру, жаны мен бар білімін беру тек ұстазға тән қасиеттер. Осындай асыл қасиеттерді бойына сіңдірген, жас ұрпаққа қазақ тарихы мен ұлан байтақ жерін таныстырып келген ұстаз Гүлдана Серікбаева.

Гүлдана Шырынбайқызы 15 жылдан бері Шымкент қаласындағы №61 мектепте тарих-география пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.

Білім саласы майталманының бүгінге дейін өзі бағындырған белестері аз емес. Ол 2019 жылы халықаралық «Білікті жас маман» номинациясы бойынша I орын және сол жылы «Үздік сабақ» номинациясында II орын иегері болды.

2019 жылы Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қоры елеулі еңбегі үшін «Ы.Алтынсарин» медалімен марапаттады.

«Заманауи сабақ – жеке тұлғаны дамыту сабағы» тақырыбында өткізілген фестивалде өз біліктілігін көрсете білгені үшін жүлделі II орыннан көрінді.

Еліміздегі «Үздік педагогтер академиясының» мүшесі Г.Серікбаеваның бүгінге дейін «Ахметов Әшімжан Сүлейменұлына арналған арнау», «География пәнін оқытудың ерекшеліктері» атты авторлық еңбектері жарық көрген. Сонымен бірге, «Қазақстан Астаналары — біздің тарих, біздің тағдыр» тақырыбындағы ғылыми жұмысқа жетекшілік еткен.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі