БІЛІМ ОШАҒЫНДА ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау жұмыстары Шымкентте белсенді жүргізілуде. Осыған орай Қаратау аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Сайрам көмекші мектеп-интернатында оқытушылар құрамы және шәкірттермен кездесу өткізді.

Жиын барысында Мемлекет басшысының Жолдауында аталған, елдің экономикалық дамуын көздеген басты бағыттары мен бастамалары кеңінен талқыланды. Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, әсіресе, Жолдаудағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, ауыл шаруашылығын қолдау және тағы басқа негізгі басымдықтарды атап өтті. Жиын соңы сұрақ-жауапқа жалғасты.

Айта кетейік, бұл бағыттағы ақпараттық-насихат жұмыстары аудан аумағында жоспарға сәйкес, жүйелі түрде жалғасады.