БІЛІМ САЛАСЫНДА 40 ЖЫЛ БОЙЫ ҮЗДІКСІЗ ЕҢБЕК ЕТІП ЖАТҚАН ҰСТАЗ
Қаламыздың білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білікті, өз саласының кәсіби маманы атанған ұстаздар өте көп. Солардың бірегейі – білім басқармасына қарасты Төлеген Тәжібаев атындағы 47 мектеп-гимназияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рысимбетова Меңсұлу Есенбайқызы.
40 жылға жуық еңбек жолында кәсіби дараланған маман ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын шәкірттерін оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Аталмыш салада қызмет етіп жүрген ұстаздың бойынан біліктілікке талпыну әлі де байқалады. Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген аса ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді.
Меңсұлу Есенбайқызының шәкірттері қала, облыс, республика мен халықаралық шығармашылық конкурстар мен байқаулар, пәндік олимпиада мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары. Оқушылардың ғылыми жұмыстары М.Әуезов атындағы ОҚУ ғылыми жұмыстарға арналған арнайы кітапшаларда жарық көруде. 2019 жылы «Жылдың жүз үздік орыс тілі пәні мұғалімі» арнайы номинациясына ие болды. «Ұстазға тағзым» Құрмет кітапшасына Меңсұлу Есенбайқызының да аты жазылып, арнайы Алғыс хатпен марапатталған.
«Білім ісінің үздігі», «Ұлағатты ұстаз», «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» мемлекеттік награда-медальдарімен марапатталған маманның тізбектелген жетістіктері – тек қана адал еңбек пен біліктіліктің жемісі. Ұстаздың шәкірттер үшін берері әлі де көп. Себебі, ізденімпаз маман оқушыларының сабаққа ынта-жігерін арттыру үшін тың әдістемелер жасап, ізденуден жалықпақ емес.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі