БІР ТӘУЛІКТЕ 5 МЫҢНАН АСА АДАМҒА ВАКЦИНА САЛЫНДЫ

Шымкент қаласында соңғы бір тәулікте 5105 адамға коронавируске қарсы вакцина салынды. Екпе алғандардың басым бөлігі негізгі санаттан тыс қала тұрғындары.
Медицина мамандарының сөзінше, қазірде қарапайым адамдар арасында екпе алғандардың саны көп. Әсіресе, емханаларда жасы егде адамдар бірінен соң бірі келіп, екпе салдыруда.
Қазір қалада 38 вакцина пункті жұмыс істеп тұр. Бұған қоса арнайы мекемелерде жылжымалы егу пунктерінің жұмысы ұйымдастырылып, медицина мамандары ерікті түрде азаматтарға вакцина салуда.
Айта кетейік, бүгінге дейін қалада 21 748 азаматқа коронавирусқа қарсы вакцина салынды. Емханалардағы екпе егу пунктерінің жұмыс уақыты түнгі сағат 22:00-ге дейін ұзартылып, демалыс күндері де өз еркімен келісім берген азаматтарға вакцинация жүргізілуде.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ