БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 6 IT КОМПАНИЯ ҚҰРЫЛАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов цифрландыру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту саласында атқарылған жұмыстар мен 2022 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. 

2021 жылы қаладан шалғай орналасқан  14  шағын аудан мен елді мекенге базалық станция орнатылып, 136 000 жуық қала тұрғыны сапалы интернетпен қамтылған болатын. Одан бөлек, жеке инвестор қаражаты есебінен 10 елді мекенге талшықты оптика желісі жүргізіліп, 100 000 жуық қала тұрғынына сапалы интернетке қосылуға мүмкіндік жасалынды.

Қазіргі таңда, мобильді байланыс операторларымен интернет сапасы төмен 11 елді мекеннің координатасы келісіліп, жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстар атқарылған соң, 106 000 жуық қала тұрғыны сапалы мобильді интернетпен қамтылатын болады.

2022 жылдың жоспарына 15 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету енгізіліп, қажетті құрал-жабдықтар алынуда. Нәтижесінде 134 620 қала тұрғындарына сапалы интернет қолжетімді болады.

Қоғамық орындарды тегін WI-FI желісімен қамту бойынша 2021 жылы Ubiquiti Networks технологиясымен 30 тегін  WI-FI іске қосылды. Ал ағымдағы жылы қала аумағындағы қоғамдық орындарды 100% WI-FI нүтелерімен қамту мақсатында 9 қоғамдық орынға 25 дана WI-FI құрылғысы орнатылатын болады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың қорытындысымен 24 779 қала тұрғыны цифрлық сауаттылығын арттырған болса, 2022 жылы 13 000 астам қала тұрғындарын оқудан өткізу жоспарлануда. Оқу курстары «i-shymkent.kz» қалалық қызметтер мен сервистердің орталықтандырылған порталында қолжетімді. Оқу «Базалық дағдылар», «Е-коммерция», «Ашық үкімет»  порталы, «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері», «Электронды үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер» вэб-порталдары сынды бағыттардан (жалпы 5 бағыт) тұрады. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы қала аумағында 3177 бейнебақылау камералары (оның ішінде 877 көше қиылыстарына, 800 желілік учаскелерге және 1500 жалпы бейнебақылау камералары) орнатылса, 2022 жылы қосымша 1000 бейнебақылау камераларын (500 қоғамдық қауіпсіздікті және 500 жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін) орнату жоспарлануда.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы 
«i-shymkent.kz» біріңғай порталы әзірленіп, «109 i-komek» байланыс орталығының негізінде 10 жаңа жұмыс орны ашылып, қызмет көрсетуге мамандар даярланған болатын. «i-shymkent.kz» порталы 70 қалалық қызметтер мен сервистерді қамтиді (10 мемлекттік қызмет және 60 сервис). Портал ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру бойынша арнайы сертификатқа ие болды. Қазіргі таңда Smart Bridge платформасына жариялану жұмыстары жүргізілуде. Smart Bridge платформасында жарияланғаннан кейін, портал басқа да ақпараттық жүйелермен интеграциялануға мүмкіндік береді. Порталды одан әрі дамыту мақсатында 2022 жылы қосымша 50 қызмет пен сервистерді қосу жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес, жаңа  6 IT компаниялар құрылмақ. Көреткішті орындау үшін IT ассоциациясын құру, «Astana hub» мысалында жергілікті хаб құру, қала бойынша (мектептер арасында, жоғары оқу орындары арасында) Хакатон ұйымдастыру  секілді жұмыстар атқарылатын болады.

Қаламызда 2023 жылға дейін жаңа 2 заманауи бағдарламалау мектебін ашу жоспарда бар. Алғашқы мектепті ағымдағы жылы ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда қалада 7 кәсіби мектеп: «ITSTART» Шымкент, «HITECH SCHOOL SHYMKENT», «JUNIORIT», «Международная Школа Дизайна иПрограммирования», «CODY», «ITLAB», «ROBOPARK» оқу курстарын жүргізуде. Онда 9 – 20 жас аралығындағы 320 жуық оқушы білім алуда.