Бизнес өкілдері МӘМС жарналарынан босатылды
Түркістан облысы бойынша 38 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметкерлері 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарынан босатылған.
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 721 қаулысына сәйкес ШОБ үшін жеңілдікті кезең 2020 жылғы 1 қазаннан 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды. ШОБ қызметкерлері МӘМС пакетінен медициналық көмек алуы үшін олардың жұмыс берушілері ай сайын 2021 жылғы 25 қаңтарға дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жалдамалы қызметкерлер туралы ақпаратты беруі тиіс.
Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің тізімін 25 қаңтардан кешіктірмей электрондық форматта жаңартуы тиіс. Бұл үшін, олар Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы https://msb.fms.kz/login сілтемеге өтуі тиіс және тізімдегі БСН бойынша өз ұйымын табу (осы тізімде БСН болмаған жағдайда ұйымды тіркеу мүмкін емес). Бұдан кейін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы заңды тұлға немесе ЖК тіркелу және Қордың ақпараттық жүйесіне кіру және пайдаланушылық келісімге қол қою қажет. Одан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН-і қосылады – бұл Excel бір файлымен де, әр жеке қызметкерге жол-жөнімен де жасалуы мүмкін.
ШОБ үшін жеңілдікті кезеңді ұзарту – бұл шағын және орта кәсіпорындарды қолдау шарасы болып табылады. Яғни, бұл кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысынан салық пен аударымдарды ұстамайды, бұл ретте олар медициналық сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады. Егер қазіргі қызметкерлердің тізімдері уақтылы жаңартылмаса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған күйінде қалуы мүмкін.
ШОБ 29 санатының толық тізімімен Үкіметтің № 224 «Салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысында танысуға болады.
Жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін жауапкершілікті сезінуі маңызды. Сондықтан кәсіпорындардағы қызметкерлер сақтандырылып, МӘМС жүйесінде барлық қажетті медициналық көмек алуы үшін тізімдерді үнемі жаңартып отыруды сұраймыз. Біз кәсіпкерлермен, оның ішінде «Атамекен» ҰКП, Мемлекеттік кіріс комитеті және олардың аймақтардағы ұйымдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысында жыл соңына дейін МӘМС жарнасын төлеуден босатылған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 37117, оның ішінде 23 445 немесе 63,2 пайызы тізімді өзектендірді немесе МӘМС жарналары мен төлемдерін төледі, ал жұмыскерлерінің тізімін өзектендірмегендері – 13672 (36,83 пайыз).
«Яғни, олар жұмыс беруші ретінде 2% мөлшерінде аударымдарды төлемейді, сондай-ақ өз қызметкерлерінің жалақысынан 1% жарналарды ұстамайды. Алайда, өзі үшін төлеу керек. Жалпы, Түркістан облысы бойынша 38 мыңға жуық азамат МӘМС-ке жарна төлеуден босатылды. Бұл азаматтар қажетті медициналық көмекті толық көлемде алуға құқылы, олар үшің Қор төлейді», – деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.
Егер кәсіпорын қызметкері өзінің сақтандырылмағанын байқаса, онда ол деректерді qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы дербес жібере алады. Электрондық мекен-жайын, тегін, ЖСН, телефон нөмірін көрсете отырып, ШОБ субъектісінің атауын, жұмыс берушінің БСН / ЖСН көрсете отырып, өтінішті ресімдеу және еңбек шартын немесе тағайындау туралы бұйрықты бекіту қажет. Сәйкестікті растау кезінде қызметкерге бір айға уақытша мәртебе беріледі. Алайда, қызметкер жұмыс берушіге ол туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізу қажеттілігі туралы еске салуы керек.
Биылғы жылдың ақпан айынан бастап шағын және орта бизнес өкілдері МӘМС жарналары мен төлемдерін төлеуді жалғастырады.