«Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізудің мерзімі бекітілді

«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 бұйрығына сәйкес 2018 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау және конкурсты өткізудің келесі мерзімдері бекітілді:

  • құжаттарды қабылдау – 2018 жылғы 19 наурыздан бастап 31 тамызға дейін;
  • конкурс өткізу – 2018 жылғы 26 ​​наурыздан бастап 20 қазанға дейін.

Сонымен қатар, осы жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдауға қатысты нормативтік құқықтық актілерге бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.

АТАП АЙТҚАНДА, ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА «ӨЗ БЕТІНШЕ ТҮСКЕНДЕР» САНАТЫ ҮШІН БАКАЛАВР/МАМАН ДИПЛОМЫНЫҢ ОРТАША БАЛЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТЫҢ 3,0GPA-ГЕ ДЕЙІН (4.0/4.33-ДЕН) ТӨМЕНДЕУІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗГЕРІСТЕР ҰСЫНЫМЫ ҚАРАСТЫРЫЛУДА.

Сонымен бірге, бұрын тағайындалған стипендияны пайдаланбаған және оқуға немесе тағылымдамаға кіріспеген тұлғаларға, Орталық алдында берешегі болмаған жағдайда, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға бір реттік мүмкіндік беріледі.

«Қамшы» сілтейді